Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев елордалық өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада отқа оранған көпқабатты тұрғын үйден бірнеше адамды аман-есен алып шығып, ерекше ерлік танытқан елордалық өрт сөндірушілерді мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

18.11.2022
Саясат

Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Забикулин Асқар Серікұлы I дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын;

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Кемпіров Аян Алматұлы III дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын.

Аталған Жарлыққа 17 қарашада қол қойылды.

Айта кетейік, өрт сөндіруші Асқар Забикулин жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр екені белгілі болды. Ол 3 дәрежелі күйік алды.

Өрт сөндіру кезінде ТЖМ-ның тағы бір қызметкері, №10 өрт сөндіру бөлімінің командирі Аян Кемпіров те зардап шекті. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланады.

Еске салайық, 16 қарашада «КаҺарман» тұрғын үй кешенінің 11-қабаттағы пәтері отқа оранды. Өртенген пәтерде адамдар болған. Өрт сөндірушілер бес адамды, соның ішінде бір баланы құтқарып, одан бөлек тағы 10 адамды эвакуациялады.

Тегтер: жарлықҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz