«Жедел шараның нәтижесінде жыл басынан бері есірткі заттарын жарнамалап, сататын 43 сайт бұғатталды», — деді аға прокурор.
Оның айтуынша, есірткіні заңсыз жарнамалаған және жасөспірімдерге зиянды заттарды насихаттаған 18 сайттың үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Вконтакте» желісіне мониторинг жасалды. Нәтижесінде балалардың фотосын жариялап, адам саудасымен айналысқан 3 аккаунт анықталып, жолы кесілді», — деді Мерғалым Смағұлов.
Сонымен қатар ол «Телеграм» желісінде Kaspi bank-тің және Qiwi терминалының түбіртектерін қолдан жасайтын 4 чат-бот бұғатталғанын айтты.
«Облыс прокуратурасының талап-арыздарының негізінде тіркелген деректердің барлығы сот шешімімен заңсыз деп танылды», — деді аға прокурор.
Толығырақ ақпаратты кейінірек тарқатып жазамыз.





