Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Береке мектебіндегі буллинг – оқушы суицид жасамақ болды

Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылында жоғарғы сынып оқушысынан қоқан-лоқы көрген 16 жастағы жасөспірім суицид жасамақ болды. Абырой болғанда оны ағасы құтқарып қалған, деп хабарлайды Alataunews.kz

16.11.2022
Аймақ

Береке ауылындағы Мәсімхан Бейсебаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы бір сынып жоғары оқитын оқушыдан әлімжеттік көріп келген. Алайда бұл туралы ешкімге тіс жарып айтпаған.

Ата-анасы оқиғадан кейін Қарасай ауданы полиция басқармасына арызданған.

«Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмағанның өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті фактісі негізінде бұл өтініш ҚР ҚК 105-бабы бойынша Қарасай ауданында тіркелгенін хабарлайды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды және тергеу шаралары жүріп жатыр. Оқиға бойынша тексеру жүргізілді, жиналған материалдар уәкілетті қызметтерді тарта отырып, Қарасай ауданы әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі», — дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ернар Сайдилдин.

Алматы облысының білім басқармасы әлімжеттік көрсеткен оқушы есепке алынғанын айтады.

«Буллингке қатысты оқушы мектепішілік есепке алынды. Сонымен қатар, тәртіпсіздікке барған оқушының ата-анасына ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабы бойынша (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы негізінде іс қозғалып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», — дейді Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сынып жетекшісі, психологтар мен мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөгіс берілген. Қазіргі таңда ата-аналар, мектеп ұжымы мен оқушылар арасында «буллингке бармау», «өзара сыйластық пен құрмет» тақырыптарында әңгімелесу және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, қазан айында балалар құқығын қорғаушы қоғамдық ұйымы Алматыда «Қазақстан мектептеріндегі буллинг» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді. Олардың айтуынша, республикада оқушылардың 14-65% дейінгісі мектепте жүріп әлімжеттік көреді.

«Қазақстанның 12 облысында 5000-нан астам тренинг өткіздік. Оған мұғалімдер, мектеп әкімшілігі, психологтар мен әдіскерлер қатысты. Бірақ нәтиже жоқ. Неге? Өйткені мектеп директорлары шындықты ашып айтудан қорқады. Мектебінің жаман аты шықпасын деп, проблеманы барынша жасырады. Бала қандай да бір оқыс жағдайға ұшыраса ата-анасын кінәлі етіп көрсетеміз. Біздің тернингтердің нәтиже бермеу себебі балаға қатысты оқиғаны барынша бүркемелеп, жабу астында ұстаймыз. Ал жүрегінде қорқыныш, үрей болған оқушы түбі суицид жасайды», — дейді Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Халида Әжіғұлова.

Тегтер: Қарасай ауданымектеп

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области привели в порядок водохранилище Курты

Николай Иващенко
02.05.2026

Чистота – общая ответственность: в Байсерке прошел областной субботник в рамках акции «Таза Казахстан»

Николай Иващенко
02.05.2026

Какая погода будет на майские праздники в Алматинской области

Николай Иващенко
02.05.2026

Спасатели МЧС провели ночную операцию по эвакуации несовершеннолетних туристов

Николай Иващенко
02.05.2026

Более 300 фактов незаконного вывоза топлива выявили в Жамбылской области с начала года

Николай Иващенко
02.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz