Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда биыл жол-көлік оқиғасынан 81 адам қаза тауып, 3496 адам жарақат алған

Алматыда көлік дөңгелектерін қысқы резинаға ауыстырмағандар апатқа жиі ұшыраған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Баятанов автокөлік иелерін ауа райының құбылуына орай, жолда барынша абай болуға шақырады. Мұндай ескертулер жаяу жүргіншілерге да қатысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

14.11.2022
Арнайы жоба

«Ауа температурасы төмендегенде, жазғы дөңгелектермен жүру өте қауіпті, көлік тайғанайды, сырғанап, тоқтай алмай қалады. Қозғалтқыштан шығарып қою да қауіпті, өйткені мұндайда жол-көлік оқиғасы қаупі арта түседі. Қарашада алғашқы жауын-шашын болып, қар түсіп, жол-көлік оқиғаларының саны артты. Негізінен мұндай жағдайға көліктерінің дөңгелектерін қысқыға ауыстырмағандар тап болады», — деді полиция полковнигі.

Тәртіп сақшысы күнтізбелік қысты күтудің қажеті жоқ екенін және көлік резеңкесін қазірден бастап ауыстыру керегін атап өтті. Бұл қағидат заңда да бекітілген. Жүру ережесінің «Жол қозғалысы қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынған ақаулар мен жағдайлардың тізбесі» 5-бөлігінің 590-бабына сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Ережені елемеген жүргізушілер айыппұл төлейді.

ӨКҚ брифингінде Болатбек Баятанов 2022 жылдың басынан бері Алматы қаласында 3073 ЖКО тіркелгенін, оның салдарынан 81 адам қаза тауып, тағы 3496 адам түрлі дене жарақаттарын алғанын айтты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 21,5%-ға, қаза тапқандар 20%-ға, жарақат алғандар 18%-ға өскен.

Тегтер: Жол апаты

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Іле ауданында 1 мамыр кең көлемде аталып өтті: футбол маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында «Тазалық күні»: «Тамғалы тас» марафонға дайындалып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы тұрғындарын Бірлік күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz