Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: «Kazakh invest» Ұлттық компаниясының мамандары тренинг өткізді

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде басқарма басшылары мен құзіретті органдар мамандарының қатысуымен өңірлік ұйымдар үшін тренинг өтті.

10.11.2022
Аймақ

Бұл шараның ұйымдастырылуына облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев, «Kazakh invest» Ұлттық компаниясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы, және т.б. ірі компаниялар мұрындық болды.

Тренингке еліміздің 2 қаласындағы (Алматы, Шымкент) және 3 облысындағы (Алматы, Жамбыл, Түркістан) инвестиция тартуға тікелей қатысты ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ауқымды оқыту процессі түрлі аймақтарға инвестиция тарту жолдарын әрі экономиканы ілгерілетудің кілтін таба білуді үйрету мақсатында ұйымдастырылды.

«Бүгінде облысты экономикалық тұрғыда дамытудың басым бағыттары айқындалды. Олар — ауыл шаруашылығы, логистика, баламалы энергия көздері, құрылыс материалдарын өндіру, туризм, фармацевтика және өңдеу өнеркәсібі», — деді Арслан Дандыбаев.

Оның айтуынша, елімізде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірудегі Алматы облысының үлесі 9 пайыз. Өңірде 1000-нан астам өнеркәсіп жұмыс істейді. Оның ішінде 40 өнеркәсіп трансұлттық компания есебінде өз істерін өрге дөңгелетіп отыр.

«Алматы облысы — еліміздің инвестиция тартуға тиімді аймақтарының бірі. Соңғы үш жылда өңірге құйылған қаржы көлемі 13,5% артты. Нақ осы шақты айтар болсақ, облыста жалпы құны 971,1 млрд теңгені құрайтын 142 жоба жүзеге асқалы жатыр. Нәтижесінде 8800 жұмыс орны ашылмақ. 142 жобаның 12-сі шетелдік компаниялардың қолдауымен қолға алынады. Мұндағы инвестицияның құны — 320,2 млрд теңге, жұмыс орны — 2200», — деді өңір басшысының орынбасары.

Шеберлік сабағында инвестиция тартудың қыр-сыры түсіндіріліп, аталған қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық омбудсмен шеңберінде жұмыс жүргізу, экономиканы дамыту секілді тақырыптарда дәріс оқылды.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz