Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысына 200-ден астам дәрігер керек

Жетісу облысында дәрігерлер әлі де жетіспейді. Қазір өңірге 202 маман қажет. Олардың 157-і қалаға қажет болса, қалғаны ауылдарға керек.

01.11.2022
Аймақ

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіровтің айтуынша, кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін мамандарды баспанамен қамту, балаларын балабақшаға орналастыру сияқты әлеуметтік қолдау қарастырылған.

«Қазіргі уақытта Президент тапсырмасымен ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Денсаулық сақтау саласын жаңғырту келесі жылы басталады. Жетісу облысы бойынша жоспарға 59 нысан енді. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункт бар. Сондай-ақ, биыл облыстың 6 ауданында 12 блок-модульдік конструкция орнатылып жатыр. Оның 5 нысаны қазіргі уақытта қолдануға берілді. Бұл орталықтар Көксу, Ескелді және Алакөл аудандарында орналасқан. Қалған 7 нысан желтоқсан айының басына дейін пайдалануға беріледі», — деді Арман Жансеңгіров.

Сонымен қатар, Жетісу облысының медициналық мекемелерінде «Enbek.kz» электронды еңбек биржасы тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Ұсынылған бос жұмыс орындарына әр апта сайын талдау және жаңарту жүргізіледі.

Үміткердің біліктілік деңгейіне және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарға сәйкес персоналды іздеу және іріктеу жүзеге асырылады. Биыл Жетісу облысының медициналық ұйымдарына 82 дәрігер келіп, «Enbek.kz» порталы арқылы қабылданған.

2021-2022 жылдары біліктілікті арттыру үшін облыс дәрігерлері (акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, невропатологтар, психиатрлар) Түркия, Ресей, Беларусь сияқты шет елдерде білім алған. Бүгінгі таңда облыста 361 медициналық ұйым көмек көрсетеді.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz