Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Желідегі митинг жайлы ақпаратқа қатысты Бас прокуратура үндеу жариялады

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібімен үндеу жасады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

23.10.2022
Жаңалықтар

«Әлеуметтік желілерде 24 және 25 қазанда орталық алаңдарда жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілерге қатысу туралы жалған хабарламалар мен арандатушылық үндеулер орналастырылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл күндері осы жерлерде қандай да бір митингілер өткізу келісілмеген. «Республика күнін» мерекелеуді ескере отырып, тек ресми мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін болады», — деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Осыған байланысты Бас прокуратура жалған хабарламалар арқылы акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ оларға шақыру заңсыз болып табылатынын еске салады.

«Өкінішке қарай, митингілерді немесе өзге де бейбіт жиналысты өткізудің заңды тәртібін бірнеше рет түсіндіруге қарамастан, оны бұзу орын алуда. Бұл тәртіп 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен регламенттелгеніне назар аударамыз. Сәйкесінше, аталған заң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (3-баптың 3-тармағы) бойынша заңсыз болып табылады және 25 тәулікке дейін қамаққа алумен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі — ӘҚБтК) 488-бабы бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады», — деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Сондай-ақ осы негізде бірқатар мысалдар алға тартылды.

Мәселен, 15 қазанда Алматы қаласында заңсыз митингке қатысуға шақырған осындай үндеулер үшін А. деген азаматқа сот ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылған.

«Осы айтылғандардың негізінде, сондай-ақ заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды, оларға жария шақыруларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға шақырамыз. Құқық қорғау органдары белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесетін және кінәлі адамдарға заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады», — деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Тегтер: митингүндеу

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz