Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданына жүгері өңдейтін кәсіпорын салу қажет — Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жүгері өңдейтін кәсіпорын ашу керектігін айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

12.10.2022
Аймақ

«Ауданда 7,1 мың гектар егістік алқабын жүгері алып жатыр. Биыл оның жалпы түсімі 83 мың тоннаны құрады. Басқаша айтқанда, аудан барлық облыс көлемінде өсірілетін жүгерінің төрттен бір бөлігін береді және облыс бойынша Еңбекшіқазақ ауданынан кейін 2-орынды алады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, ауданда жүгері өңдейтін кәсіпорын жоқ.

«Біз агроөнеркәсіп кешені өнімдерін қайта өңдеуді дамыту туралы айтып отырмыз және бұл сала әлі күнге дейін дұрыс жолға қойылмаған», — деді өңір басшысы.

Сонымен қатар ол аталған мәселені шешу керектігін айтты.

Айта кетейік, 2022 жылы егістік алқабының аумағы 700 гектарға ұлғайтылды. Жалпы көлемі — 23 мың гектардан асады. Ұйғыр ауданы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі бойынша облыстағы 10 ауданының ішінде 9-шы орынды алады.

Тегтер: Ұйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Қонаевта қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Диана Ахметова
03.08.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Диана Ахметова
03.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz