Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ел президенттігіне кандидат ретінде тағы бір адам ұсынылды

Қазақстандағы "Аманат" кәсіподақтар федерациясынан Мейрам Қажыкен президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

03.10.2022
Жаңалықтар

Бұл шешім кәсіподақтар достастығының орталық және атқарушы комитеттерінің бірлескен отырысында қабылданды. Мейрам Қажыкен 1961 жылы 5 сәуірде дүниеге келген.

Қазіргі таңда ол — «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеулер институтының басшысы. Оған дейін заманауи қоғамды зерттеу институтының директоры қызметін атқарған. Сонымен бірге 2015-2018 жылдар аралығында кәсіподақтар федерациясының әлеуметтік-еңбек қатынастарының мәселелерін зерттеу мен шешу жолдарын үйрететін орталықтың директоры болды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. 30 қыркүйекте «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XX съезі өтті. Онда партиядан Жигули Дайрабаев кандидаттыққа ұсынылды.

1 қазанда XIX кезектен тыс съезде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Астанадағы филиалы басшысы Нұрлан Әуесбаевты үміткер деп таңдалды. Партия өзінің тарихында алғаш рет (2007 жыл құрылған) президенттікке кандидатын ұсынды.

Тегтер: кандидатМейрам Қажыкен

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz