«Жыл басынан бері есірткінің синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымына байланысты 28 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде 25 килограммнан астам синтетикалық есірткі және психотроптық заттар тәркіленді», — деді полиция подполковнигі.
Аталған 28 жайтты тарқатсақ:
— синтетикалық есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтау бойынша 7 факт (ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі);
— сату бойынша 10 факт анықталды (ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі);
— құқық бұзушылық бойынша 11 факт анықталды (ҚР ҚК-нің 296-бабы 1/2/3-бөліктері).
«Бүгінгі күні есірткінің синтетикалық түрлерін тарату даулы мәселеге айналды. Себебі бұл қылмыспен айналысатындардың жолына тосқауыл болу үшін бірнеше кедергілер бар. Біріншіден, онлайн сату. Бұл жүйеде есірткі заттарын таратушылар ғаламтор кеңістігін, әлеуметтік желідегі сайттар мен аккаунттарды кеңінен пайдаланады», — дейді Ерғалым Керімбеков.
Оның айтуынша, кедергінің тағы бірі – есірткіні сату байланыссыз, «бетбелгі қалдыру» жолымен және қолма-қол ақшаны электрондық төлем жүйелеріне (QIWI Кошелек, Яндекс-деньги және т.б.) аударумен жүзеге асырылады. Бұндай ресурстардың электрондық мекенжайлары көппәтерлі тұрғын үйлер мен ғимараттар қабырғаларына салынады.
«Есірткі тасымалы фактілерінің санын азайту мақсатында пәтер иелері кооперативтері, саяжай кооперативтері, ата-аналар комитеті және т.б. мамандардың өзара байланысын реттеу қажет. Бұған дейін жедел әрекет ету үшін чат құру ұсынылды. Алайда, бұл мәселе әлі күнге дейін өз шешімін таппады», — деді подполковник.
Ерғалым Керімбековтің ақпаратына сүйенсек, облыста 1 маусымнан 31 қазанға дейін «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Өңірде есірткі өсімдіктері өсетін 3 жер табылған.
Сондай-ақ ол облыс аумағындағы заңсыз өсімдіктер отырғызылған және жабайы өсімдіктер өсетін жерді анықтау үшін камерасы бар «квадрокоптер» аппаратын сатып алу қажет екенін айтты.
Отырысқа төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Лаззат Тұрлашов жауапты мамандарға аз уақыт ішінде «квадрокоптер» сатып алуды тапсырды.