Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан Түркияға көкпар аттарын апармайды

Бұл туралы Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

26.09.2022
Жаңалықтар

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын қазақстандық құрама команда Түркияға жарыс аттарын апармайды. Тиісінше көкпар және Қырғыздың ұлттық ойыны «Көк бөрі» спортына қажетті жылқыларды ұйымдастырушы ел тарапынан жалдау жоспарланып отыр.

«Өздеріңіз білесіздер, жылқыны шетелге шығару үшін бірнеше талап бар. Біз жарты жыл бұрын Қырғызстанмен бірлесіп жұмыс істедік. Яғни, аттарды арнайы ұшақпен алып бардық. Қазіргі кезде Қырғыз мемлекетімен істеген жұмысымыз болмай жатыр. Олар да аттарын алып бармайды. Біз негізі бірлесіп апаруымыз керек болатын. Талаптар орындалмады, ұшақпен апару мәселесі келісілмей қалды», — деп жеткізді Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.

Ал Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов сайыстарға қатысатын аттарды Түркия тарапынан жалға алатынын мәлімдеді.

«Аттарды біз Түркия мемлекетінен жалға алып отырмыз. Түркияның біздің көкпарға ұқсайтын «Жирит» деген спорт түрі бар. Сонымен айналысып жүрген аттар біздің көкпарға келетін болғандықтан, біз солармен ресми келісімшартқа отырып, аттарын аламыз. Олар бізге жалға береді, біз ақшасын төлейміз. Қазіргі таңда 1 жылқыны күніне 300 долларға жалдаймыз деп келісіп отырмыз. Бірақ ол жылқының деңгейіне де байланысты болады», — деді Бақдәулет Сәбитов.

Айта кетсек, 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Тегтер: ҚазақстанТүркия

Соңғы жаңалықтар

Exit poll: қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Алматы облысында референдум қалай өтті?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында ерекше жағдай: учаске жабылған сәтте келген тұрғын дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Қазақстанда референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталып, дауыстарды санау басталды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Іле ауданында референдум күні жас жігіт сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz