Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында алғаш рет «Офицерлер балы» өтті

Аталған шараның ұйымдастырылуына Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мұрындық болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

26.09.2022
Аймақ

«ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай бал ұйымдастырдық. Бұл шараның басты мақсаты – әскери азаматтарды әдептілікке, ұстамдылыққа баули отырып, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу», — дейді ішкі саясат басқармасының маманы.

Офицерлер балы – әскерилер арасында ежелден қалыптасқан үрдіс. Қай заманның әскерилері болмасын, жылына бір мәрте бас қосып, салтанатты кеште би билеп, көңіл көтеруді міндет санаған.

Қонаев қаласында өткен балға үздік  25 офицер іріктеліп алынды. Күнделікті қатаң тәртіпті ұстанатын жігіттер арулармен вальс билеп, жалпақ жұртқа өз өнерлерін паш етті. Және бал тек вальс билеумен шектелмей, шағын концертке ұласты.

Шара барысында офицер жігіт өзінің сүйіктісіне сөз салды.

«Мұндай бал қаламызда алғаш ұйымдастырылып отыр. Концертті көріп демалып қалдым. Рухани ләззат алдым десем де болады. Тек атаулы даталар кезінде ғана емес, жылда осындай шара өтсе деген тілегім бар. Ал офицердің сүйіктісіне сөз салғаны мүлде ерекше эмоция сыйлады. Жастар бақытты болсын! Отан — отбасынан басталады. Сондықтан қаламызда, жалпы елімізде тату-тәтті, үлгілі отбасылар көп болсын!», — дейді концертті тамашалаған заңгер, қала тұрғыны Венера Маратқызы.

Мерекелік шара соңында кештің «Ханзадасы» номинациясына Нұрқас Мадияр лайықты деп табылса, Бекбосынова Айнұр кеш «Ханшайымы» атанды. Ал «Көрермен көзайымы» номинациясында Мадихан Айдар мен Ержанова Мөлдір үздік деп танылды.

Тегтер: ҚонаевОфицерлер балы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz