Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Жетісу облысы: «Талдықорған-Өскемен» тас жолы ашылады

Мұны Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

23.09.2022
Сұхбат

Облыс әкімінің аталған аудан тұрғындарымен кездесуі жайлы «Press Zhetysu region» телеграм каналында ақпарат тарады. Жыл соңына дейін Үшарал-Достық жолының асфальт жабынын да аяқтау жоспарланып отыр. Қазан айының соңына дейін Жетісу облысының аумағынан өтетін «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тас жолының қалған 15 шақырымы асфальтталады. Көпір салу жұмыстары да аяқталады. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

«Республикалық маңызы бар осы екі трассаның ұзаққа созылған жөндеуі жергілікті тұрғындарды да, жол қозғалысына жауап беретін мамандарды да әбден шаршатты. Бұдан бөлек, бұл келеңсіздіктер туризмнің дамуына, демек, жалпы өңір экономикасы мен халықтың әл-ауқатына теріс әсер етеді», — деп атап өтті Бейбіт Исабаев.

Қазіргі таңда 18 шақырым жол ашылды. Енді қазан айының соңына дейін қалған учаскелерді асфальтпен жабу міндеті қойылды, ал абаттандыру және жобаның т.б. жұмыстары келесі жылы аяқталады.

«Қазір қозғалысты толық ашып, қолайлы қатынауды қамтамасыз ету маңызды», — деді облыс әкімі.

«Қазавтожол» АҚ облыстық филиалының мәліметінше, қалған учаскелер Алакөл, Сарқан, Ақсу және Ескелді аудандарының аумағында орналасқан.

Сондай-ақ Жансүгіров, Сағабүйен, Қабанбай және Көлбай ауылдарында 4 көпір салу жұмыстарын аяқтау қажет. Егер ауа-райы қолайлы болса, жоспарланған жұмыстардың барлық көлемі белгіленген мерзімде орындалады.

Алайда, көпірлерді қыста да сала беруге болады. Ауданда туризмді дамыту үшін кедергі келтіріп отырған жайт — Ақши және Көктума ауылдарында электр энергиясының жиі өшіп қалуы.

Осы мақсатта биыл Ақши ауылында 67 шақырымнан астам электр желілерін қайта құру және салу жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, жобаның жалпы құны – 688 млн теңге. Аяқталу мерзімі — 2023 жылдың ақпан айы.

Сондай-ақ Бескөл, Ақши ауылдарында жаңа «Ақши» қосалқы станциясы мен электр беру желілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 111 млн теңге, жалпы құны — 123,5 млн теңге бөлінді. Жұмыстарды 2023 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланды.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған – Өскементас жол

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz