Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында алғаш рет республикалық марафон өтті

Шаған республикалық марафонын өткізу үшін Көксу ауданындағы Қаблиса ауылының тұрғындары 4 млн теңгеге жуық қаражат жинады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілші.

25.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар, Қоғам

Жиналған қаржының 2 жарым млн теңгесі жүлде қорына бөлінді. Жүлде 6,5 және 13 шақырым қашықтыққа жүгіру бойынша тігілді: 13 шақырым қашықтықтағы 1 орын – 300 000 тг, 2 орын – 200 000тг, 3 орын – 100 000 тг,  6,5 шақырым қашықтықта 1 орын – 100 000 тг, 2 орын – 75 000 тг, 3 орын – 50 000 тг.

Суретті түсірген Мирас Сейтқали

Атлеттер 2 топқа бөлінді: 15-34 жас, 35-49 жас және 50 жастан жоғары.

Турнирге қатысқан ең қарт спортшы – Биебай Тілемісов, 74 жаста. Мәскеу, Берлин сынды  дүниежүзілік марафондарының чемпионы. Егде тартқан атлеттің дене бітімі шымыр, талай жігіттердің алдын орайды.

Биебай Тілемісов — марафоншы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ең қарт спортшы

«42 км, 100 км, горный пробек жүгіреміз. Мен өзім, марафонистпін. Көп жарыстарды ұтқанмын. Қазір мен 6 жарым км жүгіремін», — дейді Биебай Тілемісов.

Дегенмен, жастар да есесін жібермеді. 6 жарым шақырымдық қашықтықта 15 пен 34 жас аралығындағы топта бақ сынаған ақтөбелік Ислам Аманқос, ал 35 жастан жоғары спортшылар арасында Дәулет Бекқожаевтың үздік шықты.

Суретті түсірген Мирас Сейтқали

Данияр Орманғали — жары жеңімпазы  

«Қызықтың барлығы 6,5 — 7 км дан кейін басталды. Өйткені тек, өр ғана. Сонысымен ерекшеленді. Өзім тауға жүгіргенді ұнатамын. Алдағы жарысым – қыркүйекте болатын Қазақстан чемпионаты. Одан кейін қазан айында Стамбулда өтетін 42 шақырымдық жарысымыз бар. Соған дайындық үстіндеміз», — деді Данияр Орманғали.

Ауыл жастарын спортқа баулуды мақсат еткен ұйымдастырушылар бастапқыда барлығы 50 спортшы қатысады деп үміттенген болатын. Алайда іс-шараның ауқымы республикалық деңгейге шықты және бүгін мұнда 300-ге жуық атлет тіркелді. Спортшылардың қауіпсіздігіне қатысты барлық қажетті шаралар қабылданды. Марафон бағытын полиция мен жедел жәрдем қызметі қадағалады.

«Бұл жарыс жастарды спортқа баулуға бағытталған. Бұл марафон Қаблиса ауылының жас жігіттерінің арқасында өтті. Біз оны алғаш рет өткізіп отырмыз», — деді шараны ұйымдастырушы Жеңіс Тәжікеев.

Суретті түсірген Мирас Сейтқали
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Саденов рассказал, как проходит расследование смертельного ДТП в Алматы

Николай Иващенко
04.04.2026

Движение транспорта на поврежденном участке трассы «Кеген-Нарынкол» восстановлено

Николай Иващенко
04.04.2026

К 180-летию высажено 180 саженцев в Алматинской области

Николай Иващенко
04.04.2026

В Жамбылском районе началась весенняя посевная кампания

Николай Иващенко
04.04.2026

Часть дороги «Кеген-Нарынкол» обрушилась Алматинской области

Николай Иващенко
03.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz