Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданы: қоқыстың астында қалған ауылдар

Бірнеше ауылдарға «Экорейд» бағдарламасымен барған Жетісу телеарнасы адам шошырлық жәйттерге тап болған. Бұл туралы Alataunews.kz телеарнаға сілтема жасап хабарлайды.

21.09.2022
Аймақ

Бахар ауылындағы әрбір үйдің жанында қоқыс жәшігі емес, үйінділер тау болып жатыр. Өлекселердің исі қолқаны қабады. Тұрғындар үйіміздің маңын жергілікті халықтың өзі бірнеше жылдан бері қоқыс алаңына айналдырып алды дейді.

«Қанша рет айттық, ешкім тазаламады. Күндіз-түні әкеліп төгіп жатыр. Әкімшілік шара қолданбағаннан кейін оларға біз не дейміз? Қоқысты тастайтын осы ауылдың тұрғындары. Учаскелік полицейлерде шара қолданбайды», — дейді  Бахар ауылының тұрғыны Құрман Масай.

Ауылдың шеті емес, қақ ортасын қоқыс полигонына айналдырып жіберген жағдайдан ауыл әкімдігі хабардар болып шықты. Әкімнің міндетін уақытша атқарушы Света Әкімжанқызы ауылда қоқыс тастайтын арнайы орын бар дейді. Бірақ тұрғындар осында әкеліп төгетін көрінеді. Олар тіпті айыппұлды да ескермейді екен. Көктемде қоқыс үйінділерін тазалау үшін мердігер компанияға ақша да бөлінген. Енді тағы да қаражат қаралып, тазаланады.

Ал Шонжы ауылындағы қоқыстың жәйі тіпті нашар. Ашық даладағы қатты қалдықтар өртеніп жатыр. Төтенше жағдай мамандары тез арада тілсіз жауды ауыздықтады. Ал өртті кім қойғанын анықтау үшін шақырылған полицейлер төбе көрсетпеген. Жергілікті жұрт қоқысты ақша жинап, көлік шақырып тазалататын көрінеді.

«Күнде өзіміз тазалаймыз. Ауыл әкімдігіне айтып шаршадық. Нәтиже жоқ. Әр пәтер 500-1000 теңгеден шығарып, камаз жалдап шығарамыз қоқысты», — дейді Шонжы ауылының тұрғыны Гүлназ Тохтанхунова.

Шонжы ауылының шет жағындағы көрініс тіпті жаға ұстатады. Қоқыс тастауға рұқсат етілмеген белгі тайға таңба басқандай жазылғанымен, ешкім ескермегені байқалады. Қатты қалдықтармен қоса, мал өлекселерінен көз сүрінеді. Әкімдік мамандары полигондар толып қала бергендіктен, осылай болады дейді. Қоқысты темір өткізетіндер өртейтінін де айтып қалды. Бірақ әдеттегідей ақша бөліп мәселені шешеміз деп құтылды.

Тегтер: қоқысҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz