Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы Жамбыл ауданының жолдарын жөндеуге 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады

Қазіргі кезде Алматы облысы Жамбыл ауданындағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 58,3 пайыз, деп хабарлайды Alataunews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21.09.2022
Аймақ

Қажетті қаражат бөлінген жағдайда көрсеткіш жыл соңына қарай 64,4%-ға дейін артады деп көзделіп отыр.

«Биыл ауданға қарасты елдімекендердің жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 1023,0 миллион теңге бөлінді. Берілген қаражатқа ұзындығы 56,3 км 47 көшенің автомобиль жолдарына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Жамбыл ауданының аумағында барлығы 24 ауылдық округ және 60-тан астам елдімекен бар. Өңір бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1919,2 км. Оның ішінде Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 331 км, облыстық маңызы бар – 594,3 км, аудандық маңызы бар – 79,0 км және кентішілік автомобиль жолдары – 914,9 км.

Биыл Ұзынағаш ауылының 5 көшесі, Сарыбай би ауылының 2 көшесі, Қарақыстақ ауылының 1 көшесі, Қазыбек бек ауылының 4 көшесі, Қасымбек ауылының 5 көшесі, Көкдала ауылының 3 көшесі толық жөнделді.

Қазіргі уақытта Ақтерек ауылының Есдәулет, Қараш батыр, Рыскелді, Бәймен сияқты 4 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы – 4420.

Сондай-ақ, Шиен ауылында жөндеу жұмыстары жоспарланды. Одан кейін қажетті қаражат бөлінген кезде Мәтібұлақ, Дегерес, Үмбетәлі, Қарғалы, Бозой, Жамбыл, Қараарша, Бесмойнақ, Ұзынағаш ауылдарындағы көшелерді жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Тегтер: Жамбыл ауданыжолқаражат

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz