«Анаға құрмет» мұражайында өткен шарада ұлттық сана мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы көрсетілді.
«Менің білуімше Орта Азия бойынша «Анаға құрмет» мұражайы бізде ғана бар. Бұл шараға келген кімнің болсын алар тағылымы мол. Көптеген ұмыт болған, қазір жастар елей қоймайтын дәстүрімізді аналарымыз көрсетті», — дейді облыстық мұражай бірлестігінің басшысы Әнуар Үмбеталиев.
Қыз ұзату, бесікке салу, тұсау кесу. Аталған дәстүр игі шараның көркін келтірді.
«Аналар күні болып бекігеніне 10 жыл. Біздің мұражайдың ашылғанына да он жыл. Жылда Аналар күніне арнап осындай шара өткіземіз. Ал фестиваль ретінде аталып өтілгелі екі жыл болды», — дейді «Анаға құрмет» мұражайының басшысы Аршагүл Серікқызы.
Аршагүл Серікқызының айтуынша, аналарға қатысты игі шаралар қатарын көбейту керек.