Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Туристері жоқ Қапшағайдың қазіргі күйі қандай?

Әдеттегідей, Қонаевтағы шомылу маусымы биыл да тамызда өз мәресіне жетті. Қыркүйекте күн ыстық болып тұрса да, туристер жоқ, тыныштық орнаған. Жағажайдың қазіргі жағдайын Alataunews.kz тілшілері жасаған таңдамалы фотосуреттермен көрсетеміз.

19.09.2022
Аймақ
Alataunews.kz ақпарат агенттігі

Alataunews.kz ақпарат агенттігі

Осыдан бірнеше апта бұрын мұнда тіршілік қайнаған еді. Жан-жақтан шыққан музыка, кәуап пен тәтті мақтаның иісі мұрын жаратын. Бүгінгі жағажайдың келбетіне қарасақ, мұның бәрі болмағандай сезім тудырады.

Туристердің көлге шомылуға келгеніне бір ғана дәлел бар. Ол — қараусыз қалған тапшандар мен қоқыстың үйінділері. Демалушылар саябырсығаннан кейін, көл мен оның экожүйесі ендігі маусымға дейін ешкімге керексіз болып қалады деуге болады. Шашылған пластик бөтелкелер, шөлмектер, темекі тұқылы, әйнек сынықтары — бәрі де сөзіміздің дәлелі.

Alataunews.kz ақпарат агенттігі
Alataunews.kz ақпарат агенттігі

Қыркүйекте суға шомылуға бола ма?

Аталған айда су жағадан бірнеше метр артқа кеткені байқалады. Тұрғындардың айтуынша, Қапшағай су қоймасы үшін бұл жағдай қалыпты. Көл бірде толып, бірде шегініп тұрады.

Күздің бірінші айында көлге түсетіндер бар. Десе де, жазға аяқ басатын мамыр айындағыдай, су салқын — 18-20 °C шамасында.

Alataunews.kz ақпарат агенттігі
Alataunews.kz ақпарат агенттігі

Мамандар мен зерттеушілердің сөзіне қарағанда, Қапшағайдың болашағы жарқын. Бір жаздың өзінде бұл жерге 1 млн-ға жуық демалушылар келеді, 100-ден астам демалыс орындары, қонақ үйлер жұмыс жасайды. Және бұл сандар Қапшағайдың толық қауқарын ашық көрсете алмайды. Егер биліктегілердің инфрақұрылымды дамыту мен абаттандыру мақсатындағы жоспары жүзеге асса, Қапшағай курортының жаңа дәуірі басталады.

Alataunews.kz ақпарат агенттігі
Alataunews.kz ақпарат агенттігі

Анықтама:

Қапшағай су қоймасы — Қазақстандағы ірі су қоймалардың бірі. Оның ұзындығы — 180 км, ені — 22 км. Бүгінде жазғы маусымда Алматы облысындағы демалушылар ең көп келетін жер де — осы. 1965-1980 жылдар аралығында су қоймасы мен Қапшағай ГЭС-і бой көтерді. Ал 1970 жылы су толтырыла бастады.

Тегтер: ҚапшағайҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz