«Әскерилер толық мемлекеттің қарауында болса да, олардың жалақысын нарық бағасымен есептесек, аз екендігі рас. Бұрынғы жылдары келісімшартпен қызметке қалғандардың айлығы 80-90 мың теңге болса, жыл басынан бастап 110-120 мыңға өсті. 2023 жылы еңбекақы көлемі тағы да өсіп, жалпы үш жыл ішінде көрсеткіш 70 пайызға жетеді», — деді командирдің орынбасары.
Сонымен қатар, Нұрлыбек Абдураимов мемлекет тарапынан әскери қызметкерлерге жасалған жеңілдіктер мен ұтымды тұстары туралы сөз қозғады:
— әскери қызметкер зейнетке шыққанша үйінің ипотекасын мемлекет жауып отырады. «Отбасы банкінің» әскерилер үшін арнайы бағдарламасы бар;
— отбасы бар әскерилерге жабық қалашықтардан тегін қызметтік баспана, шаңырақ көтермеген әскерилерге жатақханадан бөлмелер беріледі;
— жалдамалы пәтер ақысын төлеу үшін адам басына төлемақы бөлінеді;
— балаларын балабақшаға кезексіз орналастырады, медициналық қызмет тегін көрсетіледі және т.с.с.
Оның айтуынша, Қарулы Күштер құрамының 12 пайызын әйелдер құрайды. Ал Отан алдындағы борышын өтеуге баратындардың 80 пайызы – қазақтар. Қалған 20 пайызы – өзге ұлт өкілдері.