Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматының Кеңсай зиратындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласындағы Кеңсай зираты аумағында болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Самат Асаинов мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

07.09.2022
Арнайы жоба, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

«Кеше Алматыдағы Кеңсай зираты аумағында өрт шықты. Қазіргі уақытта Медеу аудандық прокуратура қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр», — деді Самат Асаинов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Қалалық ТЖД басшысы орынбасарының айтуынша, өрт салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ және материалдық шығын келмеген. Сондай-ақ Алматыдағы өртке байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов түсінік берді.

«Алматыдағы өрттердің шығуына екі себеп қарастырылып отыр. Бірі – өрт абайсызда шығуы мүмкін немесе өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу. Екі жағдай бойынша төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлігі қызметкерлері анықтау жұмысын жүргізеді. Егер кінәлі адамдар анықталса, олар жауапқа тартылады», — деді ТЖМ өкілі.

Бұған дейін брифинг барысында Кеңсай зиратындағы өрттен 60 молаға залал келгені айтылды. Еске сала кетсек, Алматыдағы тау бөктерінде қураған шөп өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз. Одан бөлек, Көктөбеден де өрт шыққан еді.

Тегтер: қылмыстық ісоқиғаөрт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz