Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Облыстық оңалту орталығының кішкентай емделушілері сыйлыққа кенелді

01.06.2022
Жаңалықтар

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұжымы «Күншуақ» облыстық балаларды оңалту орталығында болып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді, деп хабарлайды AlatauNews.kz тілшісі.

Шара мерекелік сән-салтанатпен басталды. Қонақтар балаларды құттықтап қана қоймай, сыйлықтарын табыстады. Мұндай тартуды күтпеген балдырғандардың жүздері бал-бұл жайнап, риясыз қуанышқа бөленді. Ал 9 жасар Амина базарлықтан бұрын мейірімді жандардың ыстық ықыласын асыға күткенін айттып, мәз-мейрам болды. Ұйымдастырушылар тарапынан балалардың қуанышын еселей түсу үшін сиқыршымен ойындар мен сайыстар қойылды.

Департамент басшылығы еліміздің ертеңгі тірегі — бүгінгі бүлдіршіндер екенін айта келе, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім, жемқорлықсыз жарқын болашақ сыйлау әр азаматтың міндеті екенін тілге тиек етті.

«Өсіп келе жатқан жас ұрпағымыз – біздің болашағымыз. Олардың барлығына жағдай жасап отырмыз десек те аздық етеді. Сондықтан осы балақайлардың емделіп, сауығып кетуіне біздің көмегіміз ауадай қажет. Барынша қолдан келгенді аямауға тырысамыз»,- деді оңалту орталығының директоры  С. Сарсебаева.

Айта кетейік, ​ оңалту орталығында 5-18 жас аралығындағы жүздеген бала емделіп жатыр. Осы уақытқа дейін медициналық мекемеде мыңнан аса бала ем алып шыққан.

Соңғы жаңалықтар

В день референдума в Алматинской области родились 24 малыша

Николай Иващенко
15.03.2026

Ярмарка сельхозпродукции в Алатау прошла в день республиканского референдума

Николай Иващенко
15.03.2026

МВД РК: обстановка на участках референдума стабильная

Николай Иващенко
15.03.2026

В городе Алатау прошла экологическая акция «Аллея референдума — 2026»

Николай Иващенко
15.03.2026

После голосования на референдуме по проекту новой Конституции Касым-Жомарт Токаев провел брифинг для представителей СМИ

Николай Иващенко
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz