Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте 48 жастағы ер адам алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Бүгін 167/2 түзеу мекемесінде 48 сотталушы үшін оқу жылы басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Polisia.kz жазған ақпаратқа сүйеніп.

02.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Шымкент қаласындағы 167/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші Диас (аты өзгертілген) өмірінде алғаш рет мектепке барды. Оның балалық шағы көшеде өткен. Ата-анасы ерте қайтыс болған. Ал туыстары бас тартыпты. Ол мектеп табалдырығын аттап көрмегендіктен жазу дегенді білмейді.

«Бала кезімнен ұсақ-түйек ұрлық жасадым. Қарным ашқан соң осылай жасадым, қайыр да сұрадым. Өз үйім жоқ болды. Мен колонияға алғаш рет 20 жасымда дүкеннен ұрлық жасап түстім. Бірақ мен ешқашан оқығым келмеді, ештеңе білмеймін деп ұялдым. Бізбен сабақтар фильмдер көріп, психологиялық тренингтер өтеді. Сондықтан мен оқуды үйренгім келді. Ұзақ уақыт күмәнданып, тіпті қорықтым. Бірақ бәрібір мектепке баруды ұйғардым», — дейді 48 жастағы сотталған азамат.

Алғаш рет білім алуға шешім қабылдаған сотталғандар бағдарлама бойынша бірден алтыншы сыныпқа барады.

«Іс жүзінде мекемеде жазасын өтеушілердің көпшілігі оқып-жаза алмайды. Кейбіреулер үшін тегі мен атын жазу қиын. Біз оларға бастауыш білім беруге тырысамыз. Кейбіреулері колледжде оқиды», — деді тәрбие бөлімінің бастығы Талғат Боранов.

Биыл 48 сотталған азамат алғаш рет мектепке барды. Мекемеде барлығы 72 оқушы оқиды. Оқу жылы аяқталғаннан кейін барлығы қарапайым мектеп оқушылары сияқты тест тапсырады.

Тегтер: мектепШымкент

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алатауда жолаушыларға арналған аэротакси сынақтан өтеді

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот басталды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алматы облысында табиғатты бүлдірген жасөспірімдер жауапкершілікке тартылды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

Алматы облысында шенді полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz