Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Қазақстанда зейнетақы төлемдері арттырылады

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында ақпарат тарады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

02.09.2022
Жаңалық, Қоғам

Ресми мәліметке сүйенсек, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған шараларды іске асыру мақсатында базалық зейнетақы мөлшерін арттыру және ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табысты ұлғайту көзделеді. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда өзгерістер нәтижесінде Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемін қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты», — делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ ақпаратта ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп қысқаратыны жайлы жазылған. Өйткені оларды тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйесі енгізілгенге дейінгі еңбек өтілі ескеріледі.

Министрлік Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде мынадай өзгерістер енгізуді ұсынды:

  • 2023-2027 жж кезеңде ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 54-тен 70% дейін, ең жоғары мөлшерін 100-ден 120% дейін жеткізу;

Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін арттырылатын болады. Бұл ретте базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13% құрайды және барлық 2 млн зейнеткерге қатысты.

  • 2023 ж 1 қаңтардан бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыларды есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру.
Тегтер: жолдаузейнетақыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz