Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта тұңғыш рет Qonaev Run – 2026 жүгіру жарысы ұйымдастырылды

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында алғаш рет «Qonaev Run – 2026» бұқаралық жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Спорттық шараға еліміздің бірнеше өңірінен келген 1500-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026
Жаңалықтар

Жарысқа мектеп оқушыларынан бастап егде жастағы тұрғындарға дейін қатысты. Олардың арасында кәсіби спортшылармен қатар, жүгіруді енді бастаған әуесқойлар да болды. Спорттық шара Алматы облысы мен Қонаев қаласы әкімдіктерінің қолдауымен және демеушілердің қатысуымен ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатына Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов қатысып, спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге алғыс хаттар табыстады. Қала басшысы да жүгіруге қатысып, төртінші нөмірмен жарыс жолына шықты. Ол белгіленген қашықтықты еңсеріп, мәреге жеткені үшін медаль алды.

Бұқаралық жарысқа Қонаев тұрғындарымен қатар Алматы, Талдықорған, Тараз және Қызылорда қалаларынан келген спортшылар қатысты. Олардың арасында белгілі қазақстандық параспортшы Зүлфия Ғабидуллина мен облыс чемпиондары да болды.

«Бүгінгі марафон ауқымды өтті. Әртүрлі қаладан келген қатысушылармен бірге мүгедектігі бар азаматтар да жарыс жолына шықты. Бұл спорттың баршаға қолжетімді екенін көрсетеді. Біз үшін әр қатысушының мәреге жетуі маңызды», – деді Қонаев қалалық спорт және туризм бөлімінің басшысы Дамир Күзембаев.

Қатысушылар төрт жас санаты бойынша бақ сынады. Ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталып, үздіктер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бес шақырымдық қашықтықта Ердәулет Қасымжан үздік нәтиже көрсетті. Ол белгіленген межені 18 минутта еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті. Ал әйелдер арасында Милена Леонова жеңімпаз атанды.

«Бала кезімнен спортпен айналысқандықтан, бес шақырымды жүгіру маған аса қиын болған жоқ. Жарыста бар күшімді салып, жеңіске жетуге тырыстым. Мұндай іс-шаралар жастарды спортпен айналысуға ынталандырады. Менің нәтижем өзгелерге де мотивация болса деймін», – деді Ердәулет Қасымжан.

Жарыс аясында тұрғындарға арналған түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылды. Орталық алаңда 10-нан астам жергілікті кәсіпкер өз өнімдері мен қызметтерін таныстырды. Кәсіпкер Мұрат Сіргебаевтың ретроавтомобильдері мен мотоциклдер көрмесі қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ шара барысында балалардың назарына робот ұсынылды. Ол жарыстың ең ерекше қатысушыларының біріне айналды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Qonaev Run – 2026» жарысының негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды дене белсенділігіне тарту.

Қонаевта алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 1500-ден астам адамның қатысуы тұрғындардың бұқаралық спортқа қызығушылығын көрсетті. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар кәсіби спортшылармен қатар, спортпен енді айналыса бастаған тұрғындарға да өз мүмкіндіктерін сынауға жол ашатынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында браконьерлікке қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2026

Қазақстанда сілеусін алғаш рет спутник арқылы бақыланады

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2026

Алматы – Талғар – Бәйдібек би тасжолы төрт жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

Oi-Qaragai курортын кеңейтуге 50 млрд теңгеден астам қаржы салынды

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

Қонаевта 550-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz