Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар ауданында 7 мектеп салынып, 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Алматы облысының Талғар ауданында биыл өндірілген өнім көлемі 560 млрд теңгеге жетті. Ауданда 7 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 77,5 шақырым жол жөнделді. Сонымен қатар елді мекендерді газдандыру, жаңа стадион мен футбол академиясын салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Талғар ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026
Жаңалықтар

Әкімдік мәліметінше, бүгінде ауданда 22,4 мың кәсіпкер тіркелген. Бұл салада 43 мыңнан астам адам еңбек етеді. Биыл өндірілген өнім көлемі 560 млрд теңгені құрап, 27,4 пайызға артқан. Ал бюджетке түскен салық көлемі 34,7 млрд теңгеге жетті.

Облысқа тартылған инвестицияның 12,7 пайызы Талғар ауданына тиесілі. Жыл басынан бері алты инвестициялық жоба іске қосылған. Олардың қатарында «SAN tyres» сауда-логистикалық хабы, модульдік бетон үйлер шығаратын «MK.PIMC.KZ» зауыты және «AMANAT» көлік-логистикалық орталығы бар. Жыл соңына дейін тағы 10 жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Туризм саласында да жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері ауданға 60 мыңға жуық турист келген. Туристік қызмет көлемі 36,6 пайызға өсіп, 2,5 млрд теңгеге жетті.

Атап айтқанда, «Oi-Qaragai» тау курортын Ақтас бағытына дейін кеңейту жобасына 50 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Ал «Bizdin Auyl» демалыс аймағына 1,5 млрд теңге тартылып, 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 19,9 млрд теңге болатын үш инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде жылына 2 мың тонна тосап пен джем өндіретін цех, 8 гектарлық жылыжай кешені және көшет өсіретін тәлімбақ бар. Биыл ауданда 111,6 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналған.

Жол инфрақұрылымын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 3,6 млрд теңгеге 77,5 шақырым жол жөнделді. Алдағы жылы «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» автожолының 8 шақырымын күрделі жөндеу жоспарланған. Жоба аясында жол төрт жолаққа дейін кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі мен жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Әлеуметтік салада соңғы екі жылда 385 отбасы баспанамен қамтылған. Қазіргі уақытта ауданда 9 677 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Білім беру саласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы сыйымдылығы 5 700 орындық жеті мектеп салынды. Нәтижесінде бес мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесі шешіліп, тағы екі білім ордасындағы орын тапшылығы жойылған. Дегенмен ауданда әлі де үш ауысымда жұмыс істейтін бір мектеп бар.

Газдандыру көрсеткіші 91,3 пайызға жеткен. Аудандағы 46 елді мекеннің 42-сі табиғи газға қосылған. Қаратоған, Нұра, Өстемір және Туғанбай ауылдарын газдандыру жұмыстарын 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Кіші Байсерке және Ақдала ауылдарында 1 850 абонентті ауызсумен қамтитын 52 шақырым су құбыры тартылуда.

Спорт инфрақұрылымын дамыту аясында «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясының аумағында 10 мың көрерменге арналған стадион салу көзделген. Бұдан бөлек, Талғар қаласында халықаралық деңгейдегі балалар футбол академиясы салынып жатыр. Оны 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған.

Қоғамдық қауіпсіздік бағытында аудандық полиция басқармасы 62 қызметкермен толықтырылып, 1 113 бейнекамераны біріктіретін Жедел басқару орталығы іске қосылған. Әкімдік дерегінше, биыл ауданда тіркелген қылмыс саны 27,8 пайызға азайған.

Кездесу барысында тұрғындар ауызсу тапшылығы, газ, электр желілері, жол құрылысы және мектептердегі орын жетіспеушілігі мәселелерін көтерді.

Атап айтқанда, Тұздыбастау, Бесағаш, Қайнар ауылдары мен Талғар қаласының тұрғындары ауызсу мәселесінің әлі шешілмегенін жеткізді. Жауапты мамандар бұл жағдайды халық санының өсуімен байланыстырды. Келесі жылы бірқатар елді мекеннің инженерлік желілеріне жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған.

Ал Қызылқайрат пен Байбұлақ ауылдарының тұрғындары мектептердегі орын тапшылығына шағымданды. Жергілікті билік бұл мәселені шешу үшін инвесторлар тарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

Кездесу қорытындысында облыс әкімі тұрғындар көтерген мәселелер зерделеніп, олардың кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы – Талғар – Бәйдібек би тасжолы төрт жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

Oi-Qaragai курортын кеңейтуге 50 млрд теңгеден астам қаржы салынды

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

Қонаевта 550-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

Қонаевта тұңғыш рет Qonaev Run – 2026 жүгіру жарысы ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

Талғар ауданында 7 мектеп салынып, 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz