Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында қазақша қате жазуларды анықтайтын цифрлық жоба іске қосылды

Алматы облысында ғимарат маңдайшаларындағы, сыртқы жарнамалар мен көрнекі ақпараттардағы тілдік қателерді анықтап, олардың түзетілуін бақылауға арналған «Ақылды мониторинг» цифрлық жобасы іске қосылды. Жаңа жүйе арқылы өңірдегі қазақша қате жазулар мен сауатсыз аудармалар бірыңғай интерактивті картаға енгізіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026
Жаңалықтар

Жобаның басты ерекшелігі – анықталған әрбір тілдік қатенің түзетілу барысын жүйелі түрде қадағалау. Мониторингке жеке тұлғалар, тіл жанашырлары және «Қазақ тілі қоғамы» филиалдарының өкілдері қатысады. Цифрлық картада нысандар үш түспен белгіленеді. Қызыл түс тілдік қате анықталғанын, сары түс оны түзету жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ал жасыл түс кемшіліктің толық жойылғанын білдіреді.

Мәселен, кәсіпкерлік нысанның маңдайшасынан қате табылса, бақылаушы топ оның фотосуретін, мекенжайын және кемшіліктің сипаттамасын жүйеге енгізеді. Ақпарат жауапты әкімдікке жолданып, кәсіпкерге қатені түзету қажеттігі түсіндіріледі. Кемшілік жойылғаннан кейін жаңартылған фотосурет картаға жүктеледі. Жауапты мамандар өзгерісті тексеріп, растаған соң ғана нысанның мәртебесі жасыл түске ауыстырылады.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваның айтуынша, бұған дейін тіл талаптарының сақталуы тұрғындардың шағымдары, әкімдіктердің мониторингі және «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы аясында бақыланған. Алайда анықталған кемшіліктер туралы ақпараттың әр жерде сақталуы олардың түзетілуін қадағалауды қиындатқан.

«Алғашқы пилоттық жоба Іле ауданының Байсерке ауылында жүзеге асырылды. Мониторинг барысында анықталған 120 тілдік қате интерактивті картаға енгізілді. Қазір осындай мониторинг облыстың барлық ауданы мен қаласында жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін анықталған барлық заңбұзушылықты картаға енгізіп, бірыңғай деректер базасын қалыптастырамыз. Ал 2027 жылдың басынан бастап жинақталған мәліметтер жауапты әкімдіктерге беріледі. Олар осы деректер негізінде кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, анықталған олқылықтарды жоюға атсалысады», – деді Салтанат Беспаева.

Басқарма мәліметінше, жыл басынан бері облыста 335 кәсіпкерлік нысанының ішкі және сыртқы жарнамалары мен көрнекі ақпараттарына мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 170 тілдік қате анықталып, оның 114-і түзетілді. Қалған 56 кемшілікті жою жұмыстары жалғасуда. Ең жиі кездесетін заңбұзушылықтардың қатарында ас мәзірлерінің, маңдайшалар мен баға көрсеткіштерінің тек орыс тілінде жазылуы бар.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көрнекі ақпаратты орналастыру талаптарын бұзған кәсіпкерлерге алдымен ескерту беріледі. Егер бір жыл ішінде құқықбұзушылық қайталанса, кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай 5-тен 25 АЕК-ке дейін, яғни 21 625 теңгеден 108 125 теңгеге дейін айыппұл салынады.

Қазіргі уақытта «Ақылды мониторинг» жүйесіне тілдік қателер мамандар тарапынан қолмен енгізіледі. Алдағы уақытта жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, қате жазулар мен сауатсыз аудармаларды автоматты түрде анықтау мүмкіндігін енгізу жоспарланып отыр.

Өңір тұрғындары да мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуын бақылауға атсалыса алады. Ол үшін көшелер мен ғимараттардағы қате жазуларды байқаса, «e-Otinish» электронды өтініштер жүйесі арқылы Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына хабарласа алады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласын дамытудың 30 жылдық жоспары қаралды

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
09.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
09.11.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
09.11.2026

Алматы облысында қазақша қате жазуларды анықтайтын цифрлық жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz