Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының спорттық ату федерациясын басқарады

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Қазақстан ұлттық спорттық ату федерациясының өңірлік филиалының президенті болып сайланды. Оның кандидатурасын федерация мүшелері бірауыздан қолдады, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026
Жаңалықтар

5 қарашада онлайн форматта өткен есеп беру-сайлау конференциясына Қазақстан ұлттық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов, бас хатшысы Олег Почивалов және спорт қауымдастығының өкілдері қатысты.

Жиында Алматы облысында нысана көздеп ату және стендтік ату спортын дамыту, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ жас спортшыларды даярлау мәселелері талқыланды.

Федерацияның өңірлік филиалына президент болып сайланған Шыңғыс Әрінов Александр Асанов атындағы спорт клубына барып, оның материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ спортшылардың жаттығу жағдайын, кәсіби даярлық деңгейін арттыруға арналған мүмкіндіктерді қарастырды.

Кездесу барысында клубтың инфрақұрылымын одан әрі дамыту, спорттық ату үйірмелерінің қолжетімділігін арттыру және балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алдағы уақытта федерацияның өңірлік филиалы Алматы облысында спорттық атуды кеңінен насихаттауға, жас таланттарды анықтауға және кәсіби спортшылар даярлауға басымдық бермек. Сонымен қатар өңірдің спорттық резервін қалыптастыру және спортшыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласын дамытудың 30 жылдық жоспары қаралды

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
09.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
09.11.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
09.11.2026

Алматы облысында қазақша қате жазуларды анықтайтын цифрлық жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz