Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда білім басқармаларының өкілеттіктері өзгерді: қандай міндеттер жүктелді?

Қазақстанда өңірлік білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктеріне өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптар білім беру сапасын қамтамасыз ету, мектептер мен колледждердің қауіпсіздігін бақылау, ерекше қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау және әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру мәселелерін қамтиды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.10.2026
Жаңалықтар

Енді ол «Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, сондай-ақ аудандар мен қалаларда орналасқан оларға есеп беретін және қарасты білім бөлімдері) арасындағы функцияларды бөлу туралы» деп аталады.

Астана мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының функциялары да жаңартылды.

Облыстардағы білім басқармалары мынадай функцияларды атқарады:
  • тиісті облыс аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етеді;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуын, сондай-ақ әмбебап дизайн және ақылға қонымды бейімдеу қағидаттарын ескере отырып, білім беру ұйымдарында олардың білім алуына арнайы жағдайлар жасалуын қамтамасыз етеді;
  • дарынды балалардың, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтетін балалардың мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқуын қамтамасыз етеді;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың бланкілерімен қамтамасыз етуге тапсырыс беруді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылайды;
  • балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді. Сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар береді;
  • пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ұйымдарды қоспағанда) апаттық жағдайын әр бес жыл сайын тексеруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан осындай ұйымдардың жер сілкінісіне төзімділігін тексеруді ұйымдастырады;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне ұсынады;
  • өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне енгізеді;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ұйымдарды қоспағанда) материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты мен бюджеттен тыс қорлар есебінен білім беру ұйымдарының мемлекеттік нысандарын салуды және реконструкциялауды қамтамасыз етеді;
  • атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасында тұратын балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы балаларға қаржылай және материалдық көмек көрсетеді. Бұл мақсатқа жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражаты мен орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 2%-ы бағытталады;
  • жыл сайын 1 тамызға дейін мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына қағаз және электрондық форматтағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алып, жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар байқаулары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, сондай-ақ бастапқы әскери даярлық бойынша облыстық жарыстарды ұйымдастырады және өткізеді;
  • білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес республикалық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарына өңірлік жеңімпаздардың қатысуын қамтамасыз етеді;
  • өңірлік жеңімпаздардың орындаушылар конкурстарына, республикалық деңгейдегі спорт жарыстарына, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
  • облыстық деңгейде балаларға қосымша білім беру сапасын қамтамасыз етеді;
  • мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау сапасын қамтамасыз етеді;
  • балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
  • дамуында ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуға және әлеуметтік бейімдеуге жағдай жасайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі;
  • жыл сайын 15 сәуірге дейін білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға ауылдық жерлердегі кадрларға қажеттілік туралы өтінімдер береді. Өтінімдерге сәйкес мамандарды кейін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;
  • білім беру мониторингін жүргізеді;
  • жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық объектілерінде статистикалық байқау деректерінің жиналуын қамтамасыз етеді;
  • кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  • аталған орталықтарда орналастырылған адамдарға қажетті жағдай жасайды;
  • қамқоршылық кеңестердің жұмысына жәрдемдеседі;
  • мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз етеді;
  • мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет пен өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
  • облыстық әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
  • дуальды оқыту арқылы білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз етеді;
  • конкурс жеңімпаздарына – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің үздік ұйымы» грантын төлейді;
  • аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан ұйымдарды қоса алғанда, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдістемелік басшылық жасайды;
  • мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидаларына сәйкес олардың ротациясын жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген және білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  • Сонымен қатар құжатта астана мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының, сондай-ақ аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінің функциялары нақтыланды.

Өзгерістер енгізу туралы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция: Алматы облысында зайырлылық пен діни келісімнің маңызы

Қорлан Нұрланқызы
29.10.2026

Қазақстанда білім басқармаларының өкілеттіктері өзгерді: қандай міндеттер жүктелді?

Қорлан Нұрланқызы
29.10.2026

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қорлан Нұрланқызы
29.10.2026

Алатау қаласында ICONIX нысаны ашылды: жаңа жобаның қала дамуына ықпалы қандай?

Қорлан Нұрланқызы
29.10.2026

Қонаевта 500 шаршы метр аумақтағы қамыс өрті сөндірілді

Қорлан Нұрланқызы
29.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz