Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында Республика күніне орай 55 мерекелік іс-шара өтеді

25 қазан – Республика күніне орай Алматы облысында 55 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Мерекелік бағдарлама аясында жаңа мәдениет үйі ашылып, салтанатты жиындар, концерттер, тарихи көрмелер мен патриоттық кездесулер өтеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.10.2026
Жаңалықтар

Биыл мемлекеттік мереке облыстың барлық аудан-қаласында кеңінен аталып өтпек. Мерекелік шаралардың басты мақсаты – ел бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи сананы жаңғырту және жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастыру.

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, мерекелік бағдарламаларға өңірдегі мәдениет ұйымдары, музейлер, кітапханалар мен шығармашылық ұжымдар жұмылдырылады.

Негізгі салтанатты жиындардың бірі 23 қазанда Қонаев қалалық мәдениет үйінде өтеді. Мерекелік концертке Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы мен «Алатау әуендері» шығармашылық ұжымдары қатысады.

Мерекелік бағдарламаның маңызды оқиғаларының бірі – 23 қазанда Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында жаңа мәдениет үйінің ашылуы. Ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысанның ашылуы «Республикам – мақтанышым» атты мерекелік бағдарламамен жалғасады. Жаңа мәдениет үйі жергілікті тұрғындардың мәдени қызметтерге қолжетімділігін арттырып, ауылдағы шығармашылық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 25 қазанда Қонаев қаласының орталық алаңында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі ұйымдастырылады.

23 қазанда Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Ұйғыр аудандары мен Алатау қаласында салтанатты жиындар өтеді. Балқаш ауданында «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік бағдарлама ұсынылады.

Ал Райымбек ауданында 25 қазанда «Республика күні – елдігімнің белгісі» атты салтанатты кеш өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік туды көтеру рәсімі мен мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Республика күніне арналған іс-шаралар тек концерттік бағдарламалармен шектелмейді. Өңірдегі музейлерде ел тарихын, тәуелсіздік құндылықтарын және ұлттық мәдени мұраны насихаттайтын көрмелер мен кездесулер ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінде «Дәркембай Шоқпарұлының коллекциясы» тақырыбында экскурсия өтеді. Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейде «Тәуелсіздік шежіресі: өткеннен өнеге, болашаққа бағдар» атты кітап көрмесі ұсынылады.

«Анаға құрмет» музейінде суретші Алтай Бейсеновтің «Өнер. Тарих. Тағылым» атты жеке көрмесі ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, Балқаш, Шелек, Есік және Қарасай аудандарының музейлерінде тарихи-танымдық бағдарламалар өткізу көзделген.

Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі Қаскелең қаласындағы SDU университетінде «Қыран елім – Қазақстан» атты көшпелі көрме ұйымдастырады.

Мерекелік шараларға облыстың кітапханалары да белсенді атсалыспақ. Оқырмандарға әдеби-тарихи кештер, кітап көрмелері, патриоттық сағаттар мен дөңгелек үстелдер ұсынылады.

Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында «Егемен елдің еңсесі биік» атты бейнематериал әзірленсе, Балқаш аудандық кітапханасында «Қыран елім – Қазақстан» атты әдеби-тарихи кеш өтеді.

Жамбыл ауданында «Республика – ел болмысы, елдігіміздің бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Кеген, Ұйғыр аудандары мен Алатау қаласының кітапханаларында да ел тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарына арналған танымдық кездесулер өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ 23 қазанда Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылында Алматы облысының мемлекеттік архиві «Елдігімізді асқақтатқан Егемендік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізбек.

Жалпы, Республика күніне арналған 55 іс-шара өңір тұрғындарын ортақ мереке төңірегіне біріктіріп, мемлекеттілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Мерекелік бағдарламалар 25 қазанға дейін жалғасады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
23.10.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
23.10.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
23.10.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
23.10.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Акжаркын
23.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz