Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар ауданында әлеуметтік осал топтағы 29 отбасы баспаналы болды

Алматы облысының Талғар ауданында әлеуметтік осал топтағы 29 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Баспаналар көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға және асыраушысынан айырылған тұрғындарға берілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.10.2026
Жаңалықтар

Түзусай ауылында өткен салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Өңір басшысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Алматы облысында халық саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты тұрғын үйге деген сұраныс та жоғары. Сондықтан әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту және тұрғын үй қорын ұлғайту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

«Баспана – кез келген отбасы үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі табысталған кілт – әр отбасы үшін көптен күткен арманның орындалуы. Адамның өз үйі болғанда ертеңіне деген сенімі де арта түседі. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі әрдайым назарымызда. Алдағы кезеңде де бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, тұрғын үй қорын ұлғайтуға басымдық береміз», – деді облыс әкімі Шыңғыс Әрінов.

Қазіргі уақытта Талғар ауданында тұрғын үй кезегінде 7,5 мыңға жуық азамат тұр. Соңғы екі жылда аудан бойынша 459 пәтер сатып алынған. Оның 275-і бұған дейін тұрғындарға берілсе, енді тағы 29 отбасы қоныстойын тойлап отыр.

Жаңа баспанаға қол жеткізгендердің бірі – ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырған Зиягүл Ержанова. Ол бұл қуанышты сәтті 11 жыл бойы күткенін айтады.

«Үй кезегіне 2015 жылы тұрдық. 11 жыл бойы күткен сәт бүгін туып, баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымызға облыс әкімі ортақтасып, арнайы келіп құттықтады. Үйге қажетті электр пеші мен теледидарды сыйға тартты. Бұл – бізге үлкен көмек. Екі бөлмелі үйдің жобасы, сапасы көңілімнен шықты. Терезесі үлкен, бөлмелері жарық, тауға қарайтын әдемі көрінісі де бар», – дейді жаңа қоныс иесі.

Тұрғын өз кезегінде көптен күткен баспанасына қол жеткізуге мүмкіндік жасаған мемлекет басшылығына және жергілікті атқарушы органдарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, Алматы облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Әсіресе көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және әлеуметтік қолдауға мұқтаж тұрғындарға басымдық беріліп отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
23.10.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
23.10.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
23.10.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
23.10.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Акжаркын
23.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz