Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МӘС-тен өту жеңілдейді: Қазақстанда электронды кезек іске қосылды

Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) жүзбе-жүз өту үшін электронды кезек жүйесі енгізіліп жатыр. Жаңа сервис азаматтарға қабылдауға алдын ала жазылып, өзіне ыңғайлы күн мен уақытты таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026
Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және оларды халық үшін қолжетімді әрі ыңғайлы ету мақсатында іске қосылған.

Электронды кезек жобасы пилоттық режимде алғаш рет Ақмола облысында енгізілді. Кейін сервис Алматы қаласында да қолжетімді болды.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ақмола облысында электронды кезек қызметін 2 580 адам пайдаланса, Алматы қаласында 3 030 азамат жаңа сервис арқылы қабылдауға жазылған.

Электронды кезекке қалай жазылуға болады?

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға электронды кезек арқылы жазылу үшін азамат Әлеуметтік қызметтер порталына кіріп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан өтуі қажет.

Одан кейін Жеке кабинеттегі «Куәландыруға жазылу» қызметін таңдап, қабылдауға қолайлы күн мен уақытты белгілейді. Жүйе азаматтың тұрғылықты жеріне сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімін автоматты түрде анықтайды.

Жазылу сәтті аяқталғаннан кейін азаматтың телефон нөміріне қабылдау күні мен уақыты, МӘС бөлімінің мекенжайы және талон нөмірі көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ белгіленген қабылдауға үш күн қалғанда жүйе қосымша еске салу хабарламасын жолдайды.

Қажет болған жағдайда азамат Жеке кабинеті арқылы жазылудан бас тарта алады немесе қабылдау күнін және уақытын өзгерте алады.

Егер азамат белгіленген уақытта қабылдауға келмесе, оның кезегі автоматты түрде жойылады. Бұл туралы телефон нөміріне тиісті хабарлама жіберіледі.

Министрлік электронды кезек медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту тәртібін жеңілдетіп, азаматтардың кезек күту уақытын қысқартуға және қабылдау процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтады.

Қазіргі уақытта жоба Ақмола облысы мен Алматы қаласында жұмыс істеп тұр. Пилоттық жобаның нәтижелері сараланғаннан кейін электронды кезек жүйесін Қазақстанның барлық өңірінде енгізу мәселесі қарастырылмақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңбыр, қар және үсік күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында Cobalt екі баланы қағып кетті: біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысының тауларында екі жасөспірім адасып кетті

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

МӘС-тен өту жеңілдейді: Қазақстанда электронды кезек іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында 600-ге жуық десантшы Жауынгерлік тумен қоштасты

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz