Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Білім беру жүйесіндегі жаңа бастамалар қандай нәтиже береді?

Мемлекет басшысының Ұстаздар күні қарсаңында айтқан бастамалары еліміздегі білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жүйелі саясаттың жалғасы. Әсіресе мұғалім мәртебесін арттыру, жаңа мектептер салу, жас мамандарды қолдау және жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу – саланың сапалы дамуына негіз болатын маңызды бағыттар. Бұл туралы сарапшы Еркежан Мырзабекқызы пікір білдірді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026
Жаңалықтар

Сарапшының айтуынша, білім саласына салынған инвестицияны елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған инвестиция деп қарастырған жөн. Өйткені мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік әлеуеті ең алдымен сапалы білім алған, білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандарға байланысты.

«Мемлекет басшысының Ұстаздар күні қарсаңында айтқан бастамалары білім беру саласын дамытуға бағытталған жүйелі саясаттың жалғасып жатқанын көрсетеді. Әсіресе ұстаз мәртебесін арттыру, жаңа мектептер салу, жас мамандарды қолдау және жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу мәселелері саланың сапалы дамуына негіз болады», – деді Еркежан Мырзабекқызы.

Оның пікірінше, қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің міндеті тек оқушыға академиялық білім берумен шектелмеуі керек. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы оқыту тәсілдерін жаңартып, педагогтердің кәсіби құзыретін үнемі жетілдіруді талап етеді. Бұл ретте жасанды интеллект мұғалімді алмастыратын құрал емес, оның жұмысын жеңілдетіп, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін технология ретінде қарастырылуы тиіс.

Сарапшы Президенттің адами капиталды дамытуға ерекше назар аударуын стратегиялық тұрғыдан маңызды деп бағалады.

«Елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен білімді ұрпақ пен кәсіби мамандарға байланысты. Сондықтан ұстаздарды қолдау, олардың қоғамдағы беделін көтеру және жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау – мемлекеттің болашағына жасалған инвестиция», – деді ол.

Сарапшының сөзінше, білім беру инфрақұрылымын жаңарту, педагогтерді қолдау мен заманауи технологияларды оқу үдерісіне тиімді енгізу өзара сабақтас жүзеге асқанда ғана нақты нәтиже береді. Ал бұл бағыттағы жүйелі жұмыс еліміздің адами капиталын нығайтып, жаңа буынның заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Білім беру жүйесіндегі жаңа бастамалар қандай нәтиже береді?

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026

Алматы облысы спортшылары Азиададан 8 медальмен оралды

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
05.10.2026

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Акжаркын
05.10.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

Акжаркын
05.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz