Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы спортшылары Азиададан 8 медальмен оралды

Аичи–Нагоеде өткен XX жазғы Азия ойындарында Алматы облысының спортшылары 8 медаль жеңіп алды. Өңір өкілдерінің еншісінде 3 күміс және 5 қола жүлде бар, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысынан 25 спортшы спорттың 14 түрінен сынға түсті. Олардың арасында нысана көздеу, дзюдо, ушу-саньда және джиу-джитсудан жүлдеге қол жеткізген спортшылар бар.

Өңір спортшылары арасында Әсем Орынбай екі мәрте жүлде тұғырына көтерілді. Ол Зоя Пискун және Адель Садақбаевамен бірге командалық скит сайысында күміс медаль жеңіп алды. Ал жеке сында 28 нысананы дәл көздеп, қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Әсем Орынбай Азия ойындарының жеке скит бағдарламасында қатарынан екінші рет қола медаль еншіледі. Бұған дейін ол 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да үшінші орын алған болатын.

Даниил Почивалов командалық трап сайысында Алишер Айсалбаев және Марк Почиваловпен бірге 348 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның Азия ойындары тарихындағы ерлер арасындағы командалық траптан алған алғашқы жүлдесі.

Ал ушу-саньдадан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алижан Аблагатов қола жүлдегер атанды. Ол жартылай финалда Иран спортшысы Эрфан Мохаррамиге есе жіберді. Бұл медаль да Қазақстан спорты үшін тарихи нәтиже болды – ел құрамасы Азия ойындарында ушу-саньдадан алғаш рет жүлдеге қол жеткізді.

Дзюдошы Екатерина Токарева да екі медаль иеленді. 78 келіге дейінгі салмақта ол қола жүлде үшін өткен белдесуде Иран өкілі Марьям Барбатты жеңді. Кейін Қазақстан құрамасы сапында аралас командалық турнирде күміс медальға қол жеткізді.

Аралас командалық бәсекеде Бақытжан Абдурахманов та Қазақстан құрамасымен бірге күміс жүлдегер атанды.

Ал джиу-джитсудан 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мариан Журавлева үшінші орын үшін өткен белдесуде Иордания өкілі Майя Ишакатты жеңіп, қола медаль иеленді.

Осылайша, Алматы облысының спортшылары Азиада-2026 додасын 3 күміс және 5 қола медальмен аяқтады. Жарыста өңір спортшыларының қатысуымен Қазақстан үшін екі тарихи нәтиже тіркелді: ушу-саньдадан алғашқы медаль және ерлер арасындағы командалық траптан Азия ойындарындағы алғашқы жүлде.

Азиада-2026 ойындарына Азияның 45 елінен 11 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан атынан спорттың 35 түрінен 558 спортшы бақ сынады.

Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы 12 алтын, 24 күміс және 48 қола – барлығы 84 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады.

Келесі жазғы Азия ойындары 2030 жылғы 4–19 қараша аралығында Катар астанасы Дохада өтеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы спортшылары Азиададан 8 медальмен оралды

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
05.10.2026

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Акжаркын
05.10.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

Акжаркын
05.10.2026

Жол жүру ережесін сақтау – өмір қауіпсіздігінің кепілі

Акжаркын
05.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz