Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл Жетісу облысы білім саласының бюджеті 138 млрд теңгеден асады

Білім саласының бюджеті жайында облыстық Тамыз конференциясында өңір басшысы айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

26.08.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың мәліметінше, қаражат білім нысандарының құрылыс жұмыстарына, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, инновациялар мен заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізуге және басқа да маңызды іс-шараларға бағытталып жатыр.

Бұдан бөлек, жиында Бейбіт Исабаев кәсіптік білім беретін мамандықтар үшін облыстық бюджеттен 192,1 млн тг бөлінгені жайлы айтты.

«Аймақтағы кәсіптік білім беретін мекемелерде 50 мамандық, 93 біліктілік бойынша мамандар даярланады», — деді облыс әкімі өз сөзінде.

Сондай-ақ аймақ басшысының айтуынша, облыста іргелі өнеркәсіптер ашу үшін ірі жобалар жасалып жатыр. Жетісу облысындағы колледждер ертеңгі күні соларға қандай мамандар қажет болады, сол бағытта нарықтың сұранысына бейімделе білуі тиіс.

«Еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұраныс бір-бірімен тепе-тең болғанда, жастарды оқыту мен жұмыспен қамту, кадр тапшылығы сияқты мәселелер бірте-бірте шешілетін болады», — деді Бейбіт Исабаев.

Тегтер: Жетісу облысыжиынТамыз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz