Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Қонаев қаласының соты «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшыларына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026
Жаңалықтар

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартып, 21 млрд теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан.

Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді тиімді шарттармен, яғни пайыз төлемей және кейін бөліп төлеу мүмкіндігімен сатып алуды ұсынған.

«Бүгінде олар кінәлі деп танылып, Шүкен К.К. 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Үрәтбек М.С. 1 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады ҚМА.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастыру үшін бірнеше деңгейлі схема жүргізген. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғалар – «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін пайдаланған.

Аталған компаниялар жарнама қызметі, жылжымайтын мүлік және көлік нарығындағы талдау мен болжау сияқты қызметтердің жалған жеткізушілері ретінде әрекет еткен. Жалған шарттар негізінде 1,8 млрд теңгеден астам қаражат шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Тартылған қаражат есебінен сотталғандар 2 пәтер және Lexus маркалы 3 автокөлік сатып алып, ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген.

Сот аталған мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Президент Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
23.10.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
23.10.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
23.10.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
23.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz