Ресми дерекке сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында 1 596 532 адам тұрады. Осы көрсеткіш бойынша өңір Қазақстан облыстары арасында халық саны жөнінен алдыңғы қатарда тұр.
Облыстар арасында ең көп халық Түркістан облысында тіркелген – 2 149 205 адам. Одан кейін 1 596 532 тұрғыны бар Алматы облысы орналасқан. Үшінші орында Жамбыл облысы – 1 215 656 адам.
Жалпы, 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 604 819 адамға жетті. Жыл басынан бері ел тұрғындарының қатары 104 997 адамға көбейген. Оның ішінде табиғи өсім 99 419 адамды құраса, көші-қон есебінен халық саны 5 578 адамға артқан.
Елімізде қала тұрғындарының саны 13 085 110 адамды құрайды. Ауылдық жерлерде 7 414 712 адам тұрады.
Ал халқы ең аз өңір – Ұлытау облысы. Онда 219 049 адам тұрады.





