Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жастар күш пен төзімділіктен сынға түсті

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында жастар арасында «Workout Strong» спорттық сайысы өтті. Күш пен төзімділікті талап ететін додаға өңірдің 14 пен 35 жас аралығындағы жастары қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Акжаркын
01.09.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортқа қызығушылықты арттыру және стрит-воркаут бағытындағы мықты спортшыларды анықтау.

Сайыс бірнеше кезең бойынша өтті. Біліктілік кезеңінде қатысушылар 20 рет тартылып, брусьяда 35 рет қолды бүгіп-жазудан уақытқа сынға түсті. Үздік нәтиже көрсеткен 16 спортшы жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.

Ширек финалда спортшылар максималды тартылу және брусьяда қолды бүгіп-жазудан өзара мықтыны анықтады. Жартылай финалда қатысушылардың физикалық дайындығы мен төзімділігі сыналса, шешуші кезең «Speed Workout Duel» форматында өтті. Гранд-финалға шыққан төрт спортшы екі жұпқа бөлініп, жүлделі орындар үшін бәсекеге түсті.

Жарыс жеңімпаздары ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын иегеріне 250 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 100 мың теңге табысталды.

Айта кетейік, Алматы облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 432 мыңнан астам жас тұрады. Олардың басым бөлігі – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Сондықтан жастарды бұқаралық спортқа тарту және өңірлерде белсенді өмір салтын қалыптастыру облыстағы жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі саналады.

Ұйымдастырушылар «Workout Strong» секілді жарыстар жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, өз мүмкіндігін сынауына және салауатты өмір салтын күнделікті дағдыға айналдыруына ықпал ететінін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысының жастарыжастар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған екі суат салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауына дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысына келген туристер саны 30 пайызға жуық артты

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

Қонаевта 2050 түп арша егілді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz