Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құрылтайға ел тағдырын айқындайтын мәселерді шешуге қатысты аса ауқымды құзырет берілді – Президент

Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында жаңа заң шығарушы органға берілген құзыреттер туралы айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026
Жаңалықтар

Президенттің сөзінше, Құрылтай жұмысының басталуы мемлекеттік басқару жүйесіндегі іргелі институционалдық өзгерістерге жол ашады. Өйткені жаңа заң шығарушы орган билік жүйесін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады.

Атап айтқанда, Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелері Құрылтайдың келісімімен тағайындалады.

Депутаттар Президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын сайлап, оларды қызметінен босата алады. Сондай-ақ Құрылтайға Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларын және депутаттарды құқықтық иммунитеттен айыру құзыреті берілді.

Бұдан бөлек, Құрылтай Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітіп, Конституциялық соттың жыл сайынғы жолдауын тыңдайды.

«Депутаттар Үкіметке сенімсіздік білдіруге, Президентке Үкіметтің жекелеген мүшелерін қызметтен босату туралы ұсыныс білдіруге құқылы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Құрылтайға атқарушы және сот билігін қалыптастыруға, сондай-ақ ел тағдырын айқындайтын стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысты ауқымды құзырет берілгенін атап өтті.

«Біз, осылайша, заң шығарушы органның ықпалын едәуір күшейттік. Бұл – билік тармақтары арасындағы өзара теңгерім жүйесі нығая түседі деген сөз», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және қоғамдық институттарды жүйелі түрде жаңғырту жұмысы жыл соңына дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Сөз соңында Президент Құрылтай алдында тұрған бірқатар маңызды міндетке тоқталатынын айтты.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
02.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
02.11.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
02.11.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Акжаркын
02.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
02.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz