Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі – Мемлекет басшысы

Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында жаңа заң шығарушы орган депутаттарына айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026
Жаңалықтар

Президенттің сөзінше, депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуге тиіс.

«Жалпы, Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңа өрлеу кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, биыл еліміздің болашағы үшін мән-маңызы зор көптеген тарихи оқиға болды.

«Халқымыз аз уақыт ішінде бір ұлт болып көп жұмыс атқарды. Елімізде жалпыұлттық референдум арқылы ауқымды конституциялық реформа табысты жүзеге асырылды. Осылайша, біз нағыз Халық Конституциясын қабылдадық», – деді Президент.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның күшіне енуін Қазақстан тарихындағы аса маңызды бетбұрыс деп бағалады. Соның нәтижесінде елдің өсіп-өркендеуіне жол ашатын берік құқықтық негіз қалыптасты.

«Қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп бере алатын мүлде жаңа саяси-құқықтық жүйенің іргетасы қаланды. Бұл жүйе мемлекет құрылымын толық жаңғыртып, билік институттарының тиімділігін арттырады. Сондай-ақ азаматтарымыздың ел басқару ісіне атсалысуына нақты мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
02.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
02.11.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
02.11.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Акжаркын
02.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
02.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz