Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Үкіметке жаңа міндет жүктеді

Тоқаев 2026 жылғы 23 тамызда Тәуелсіздік сарайында өткен брифингте процестерді цифрландыру аясындағы жаңа міндеттер туралы айтты, деп хабарлайды alataunews.kz7

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Президент 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын еске салды.

«Мен бұл туралы Жолдауымда да айтамын. Біз цифрлық мемлекет құрудың бірінші кезеңінен – цифрлық қызметтер көрсететін мемлекет қалыптастыру кезеңінен өттік. Басқа елдермен салыстырғанда өміріміздің айтарлықтай жеңілдегенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Үйден шықпай-ақ, бұрын көп уақытты қажет ететін, түрлі мекемелерге баруды талап ететін және тағы басқа көптеген мәселелерді шеше аласыздар. Сондықтан цифрлық сервис мемлекеті – қажетті кезең. Қазір біз екінші кезеңге өтіп жатырмыз. Мен Үкіметке цифрландырудың халықаралық келіссөздер жүргізу және таныстырылымдар өткізумен ғана шектелетін кезеңінде ұзақ кідірмей, әрі қарай жылжуды тапсырдым», – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда цифрландыру мен жасанды интеллектіні еліміздің барлық азаматтарының игілігіне пайдалану қажет.

«Қарапайым тілмен айтқанда, смартфон – жай ғана ойыншық емес. Смартфон – TikTok-ты шексіз көруге арналған құрал ғана емес. Смартфон – ақша табудың құралы. Мәселеге осылай қарауымыз керек. Әсіресе бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қатысты. Олар заманауи технологияларды өз өңірлерінен шықпай-ақ, ауылдық жерде тұрып, бизнестерін жүргізу үшін пайдалануы керек және пайдалана алады. Келесі кезеңде Үкіметіміз осы міндетті жүзеге асырады», – деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
02.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
02.11.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
02.11.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Акжаркын
02.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
02.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz