Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт болады – Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сайлауы туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде Құрылтай сайлауын ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт деп атады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026
Жаңалықтар

«Адамдар көп жағдайда қабылданған маңызды шешімдердің шынайы құндылығын жылдар өткен соң ғана түсінеді. Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін дәл осындай бетбұрысты сәт болады», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, сайлауалды науқан ашық әрі бәсекелі форматта өткен. Партиялар өз бағдарламаларын сайлаушылармен кездесулерде, теледебаттарда, ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таныстырған.

«Бір сөзбен, азаматтарымыз партиялардың ел болашағына қатысты ұстанымын мұқият зерделеуге мүмкіндік алды», – деді ол.

Тоқаев Құрылтай құрамына кәсіби мамандар мен отаншыл азаматтар сайланады деген сенім білдірді. Оның пікірінше, жаңа орган түрлі көзқарастар тоғысатын және елдің жаңғыруына серпін беретін біртұтас алаңға айналуы тиіс.

Мемлекет басшысы алдағы дауыс беруде әр азаматтың таңдауы маңызды екенін атап өтті.

«Біз Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңге қадам басамыз. Осындай тағдыршешті сәтте әр адамның дауысы маңызды екені сөзсіз», – деді Президент.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
02.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
02.11.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
02.11.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Акжаркын
02.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
02.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz