Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы күні полиция күшейтілген режимге көшеді

Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстанда полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полиция мен Ұлттық ұланның барынша көп қызметкері жұмылдырылады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Айдын Оразбаев «24KZ» телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Айдын Оразбаевтың айтуынша, «Сайлау туралы» заңға сәйкес, сайлау күні құқық қорғау органдары үшін жұмыс күні саналады. Осыған байланысты жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктермен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен арнайы штабтар құрылған. Олар сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын үйлестіреді.

Сонымен қатар көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдай сыртқы бейнебақылау камералары арқылы тәулік бойы бақыланады.

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің барынша көп саны жұмылдырылады. Соның ішінде сайлау өтетін барлық учаске күзетіледі», – деді Айдын Оразбаев.

ІІМ өкілі сайлау күні әлеуметтік желілердегі жағдайға да назар аударылатынын жеткізді. Ведомство жалған ақпарат немесе арандатушылық сипаттағы контент таратқан азаматтардың заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Тегтер: Қазақстансайлау

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев пен Оман Сұлтаны бірқатар маңызды келісімге қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында жаңа форматтағы цифрлық ХҚКО ашылады

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында қоғамдық кеңістіктер жаңарып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
06.10.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
06.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz