Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026
Әлем, Жаңалықтар, Саясат

Тоқаев Жасанды интеллект жөніндегі конференцияға қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы іс-шараның Шығыстың інжу-маржаны – Шанхай қаласында ұйымдастырылуы символдық мәнге ие екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасын Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтады.

«Қытайдың халықаралық қауымдастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда еліңізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді бәріміз үлкен қызығушылықпен қараймыз. Бұл, ең алдымен, Сіздің көреген басшылығыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасы деп санаймын. Өзіңізді халқын алға бастап келе жатқан тегеурінді көшбасшы және жаһандық деңгейдегі парасатты саясаткер ретінде ерекше құрметтеймін. Сіз көтерген игі бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Қазақстан Қытаймен мәңгілік әрі стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайта беруге қашанда мүдделі. Соңғы жылдары мемлекеттеріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, тараптар сауда-экономикалық салада мол табысқа қол жеткізді. Қытай – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Осы уақытқа дейін ҚХР еліміздің экономикасына 30 миллиард доллар инвестиция салды. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 49 миллиард долларға жетті. Қазір Қазақстанда 8,5 мыңнан аса Қытай компаниясы жемісті жұмыс істеп жатыр. Өнеркәсіп, энергетика, газ-химия, машина жасау және ауыл шаруашылығы секілді экономиканың түрлі секторында бірлескен ірі жобалар жүзеге асырылуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланыс жылдан жылға нығайып келе жатқанына тоқталды.

«Былтыр Қазақстанға 1 миллионнан астам Қытай азаматы сапарлап келді. Екі ел астаналарында мәдени орталықтар ашылды. Елімізде Лу Бань шеберханалары табысты жұмыс істеуде. Бұл – қос халықтың арасында қалыптасқан достық пен өзара сенімнің тағы бір айғағы», – деді Президент.

Мемлекет басшысы халықаралық аренадағы ықпалдастықтың жоғары деңгейіне назар аударды. Екі мемлекеттің жаһандық орнықты даму және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ұстанымдары – ортақ.

Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, «Орталық Азия – Қытай» форматы аясында тиімді байланыстар орнаған.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевҚытай

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Қазақстан мен Қытай өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдары саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде

Мөлдір Иманмади
16.07.2026

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

Алматы облысында +43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

ОСК Құрылтай сайлауына алғашқы партиялық тізімді тіркеді

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz