Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының экспорты жаңа белеске шықты: өңір өнімдері әлемнің 61 еліне жөнелтіледі

Алматы облысы экспорттық әлеуетін жылдан-жылға арттырып келеді. Бүгінде өңірде өндірілген өнімдер әлемнің 61 еліне экспортталып, облыс Қазақстанның жетекші экспорттық және логистикалық орталықтарының біріне айналу бағытында қарқынды дамып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Соңғы үш жылда Алматы облысындағы 49 кәсіпорын сыртқы нарыққа өнім шығарып, экспорт көлемін 1,1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізді. Бұл шамамен 515 млрд теңгені құрайды.

Экспорт географиясы да айтарлықтай кеңейген. Егер бұған дейін облыс өнімдері негізінен көршілес мемлекеттерге жөнелтілсе, бүгінде олар Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Ирак, Пәкістан, Германия, Польша, Румыния және Болгария секілді алыс шетел нарықтарына да тұрақты түрде жеткізіліп келеді. Соңғы үш жылда шалғай мемлекеттерге экспорт көлемі 2,1 есеге артып, 291,7 млн АҚШ долларына жеткен.

Өңірдің негізгі сауда серіктестерінің бірі – Өзбекстан. Соңғы үш жылда бұл елге экспорт көлемі 110 млн АҚШ долларынан 203 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Өзбекстан нарығына негізінен ұн, сүт өнімдері мен фармацевтикалық тауарлар экспортталады.

Алматы облысы экспортының құрылымында ауыл шаруашылығы өнімдері басымдыққа ие. Жалпы экспорттың 60 пайыздан астамын агроөнеркәсіптік кешен өнімдері және оларды қайта өңдеу арқылы өндірілген тауарлар құрайды. Сонымен бірге құрылыс материалдары, химия өнеркәсібі, фармацевтика және темекі өнімдері де сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие.

Ауыл шаруашылығы саласында ет, құс еті, жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдері мен түрлі сусындар шетелге кеңінен шығарылады. Ал көкөніс шырындарын экспорттау бойынша Алматы облысы республикада көш бастап келеді.

Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбол Рақымбаевтың айтуынша, өңірдің экспорттық көрсеткіштерінің өсуіне өндірісті жаңғырту, инвестиция тарту және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту үлкен серпін берген.

«Алматы облысы Қазақстанның ірі экспорттық және логистикалық орталықтарының біріне айналып келеді. Бұл нәтижеге азық-түлік өнеркәсібі, фармацевтика және агроөнімдерді қайта өңдеу салаларындағы кәсіпорындардың өндірістік қуатының артуы ықпал етті. Сонымен қатар өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті де экспорттың дамуына оң серпін беріп отыр. Қытай – Еуропа халықаралық көлік дәлізі, Үлкен Алматы айналма автожолы, заманауи логистикалық хабтар мен қоймалар жергілікті кәсіпорындарға өнімдерін сыртқы нарықтарға жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Соның арқасында облыс кәсіпорындары жаңа нарықтарға шығып, экспорт көлемін ұлғайтып келеді», – деді Айбол Рақымбаев.

Өңірдегі кәсіпорындардың нақты нәтижелері де экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын дәлелдейді. Мәселен, Shin-Line компаниясы өткен жылы Қытайға, Сауд Арабиясына және ТМД елдеріне рекордтық көлемде – 15 мың тонна балмұздақ экспорттады.

Ал Fruit Art пен LST AGRO кәсіпорындары өндірген қызанақ пен сублимацияланған өнімдердің 90 пайызы Ресейдің ірі сауда желілеріне жөнелтіледі. Өз кезегінде RG Brands Kazakhstan компаниясы шырын, сусын және шай өнімдерін экспорттау арқылы жыл сайын шамамен 60 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тауып отыр.

Өңірдегі өндіріс көлемінің артуы, экспорт бағыттарының кеңеюі және логистикалық мүмкіндіктердің күшеюі Алматы облысының халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, алдағы жылдары экспорттық көрсеткіштердің одан әрі өсуіне негіз қалыптастырып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы су мәселесі шешіледі: қалада жаңа сүзгі станциясы мен ұңғымалар салынады

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысының экспорты жаңа белеске шықты: өңір өнімдері әлемнің 61 еліне жөнелтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Screenshot

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026

Алкоголизмнің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

Жолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz