Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Оба – адамзат тарихындағы ең қауіпті жұқпалы аурулардың бірі болғанымен, қазіргі таңда оның таралуын бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін тиімді әдістер бар. Дегенмен табиғи ошақтардың сақталуына байланысты бұл инфекцияға қатысты сақтық шараларын ешқашан естен шығармаған жөн. Бұл туралы Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Баймұхаметқызы Капсаламова айтып берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Screenshot

Screenshot

“Оба – Yersinia pestis бактериясы қоздыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Оның табиғи тасымалдаушылары – кеміргіштер мен олардың денесінде тіршілік ететін бүргелер. Сондықтан табиғат аясында демалғанда немесе табиғи ошақтар орналасқан аумақтарда жүргенде сақтық шараларын сақтау өте маңызды”, – дейді маман.

Оның айтуынша, оба бірнеше жолмен жұғады. Ең жиі кездесетіні – ауру жұқтырған бүргенің немесе кененің шағуы. Сонымен қатар ауырған жануарды сою немесе оның етін өңдеу кезінде, өкпелік обамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болғанда және ластанған тағам мен суды тұтынғанда да инфекция жұғуы мүмкін.

Аурудың алғашқы белгілерін елемеуге болмайды

Маманның сөзінше, оба ауруының жасырын кезеңі бірнеше сағаттан алты тәулікке дейін созылады.

“Ауру көбіне дененің қатты қалтырауынан басталады. Науқастың дене қызуы 39–40 градусқа дейін көтеріледі, басы қатты ауырады, әлсіздік, жүрек айну және құсу байқалады. Осындай белгілер пайда болса, өздігінен емделмей, дереу медициналық ұйымға жүгіну қажет”, – дейді Сәулет Капсаламова.

Дәрігерлер обаның үш негізгі түрін ажыратады. Ең жиі кездесетіні – бубонды оба. Бұл кезде лимфа түйіндері ұлғайып, қатты ауырады. Ал өкпелік оба ең қауіпті түрі саналады, өйткені ол адамнан адамға ауа-тамшылы жолмен оңай таралады. Септикалық оба кезінде бактериялар қанға тарап, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Қазақстандағы табиғи ошақтар тұрақты бақылауда

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары елімізде оба табиғи ошақтарының бар екенін, сондықтан жыл сайын кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

“Қазақстанның бірқатар өңірлері оба ауруының табиғи ошағына жатады. Сол себепті обаға қарсы күрес станциялары тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Мамандар кеміргіштердің санын бақылап, дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар медицина қызметкерлері арнайы дайындықтан өтіп, халық арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады”, – дейді ол.

Маманның айтуынша, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы аурудың алдын алуға болады.

“Кеміргіштердің індеріне жақындамау, белгісіз себеппен өлген жануарлардың өлексесіне тимеу, табиғатта жалаңаяқ жүрмеу, ауырған түйелерді ветеринарлық тексерусіз соймау – әр азамат ұстануға тиіс қарапайым талаптар. Бұл ережелер оба ғана емес, басқа да табиғи-ошақтық инфекциялардан қорғайды”, – дейді Сәулет Капсаламова.

Оның айтуынша, обаға қарсы вакцинация да маңызды профилактикалық шаралардың бірі. Екпе обаға қарсы қызмет мамандарына, медицина және ветеринария қызметкерлеріне, малшыларға, аңшыларға, орман шаруашылығы қызметкерлеріне және табиғи ошақтарда тұратын тұрғындарға жүргізіледі.

“Оба – алдын алуға және дер кезінде емдеуге болатын ауру. Ең бастысы – қауіпсіздік талаптарын сақтау, аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде тану және медициналық көмекке уақытылы жүгіну. Алдын алу – өз денсаулығыңызды ғана емес, айналаңыздағы адамдардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді”, – деп қорытындылады Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Баймұхаметқызы Капсаламова.

 

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026

Алкоголизмнің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

Жолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

ІІМ Telegram-дағы жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz