Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Алматы облысында көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді. Облыс прокуратурасы әзірлеген жасанды интеллект негізіндегі «Dala-Cloud» ақпараттық-талдамалық жүйесі заңсыз көші-қон тәуекелдерін автоматты түрде анықтап, құқық бұзушылықтарды жедел әшкерелеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы көші-қон заңнамасының орындалуына арналған Үйлестіру кеңесінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Прокуратура әзірлеген цифрлық жүйе жасанды интеллект пен үлкен деректерді (Big Data) талдау технологияларын пайдалана отырып, мемлекеттік ақпараттық базалардағы мәліметтерді автоматты түрде өңдейді. Нәтижесінде көші-қон саласындағы ықтимал заң бұзушылықтар ерте кезеңде анықталады.

Жүйенің көмегімен 159 мыңнан астам шетел азаматы туралы дерек пен 30 мыңнан астам әкімшілік материал сараптамадан өткізілген.

Талдау нәтижесінде 287 әкімшілік құқық бұзушылықтың дұрыс сараланбағаны, жұмыс берушілерге қатысты заңда көзделген шаралардың қолданылмауының 61 фактісі, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 11 дерегі, сондай-ақ елден шығару туралы сот шешімдерінің орындалмаған 12 жағдайы және өзге де заң бұзушылықтар анықталған.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысында Алматы облысының прокуроры Берік Адамов цифрлық технологияларды құқық қорғау қызметіне енгізу көші-қон саласындағы заңсыздықтарды дер кезінде анықтап қана қоймай, олардың алдын алу тиімділігін арттыратынын атап өтті.

Мамандардың айтуынша, «Dala-Cloud» жүйесі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, көші-қон процестерін бақылаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жасанды интеллект технологияларын пайдалану адами фактордың ықпалын азайтып, заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа цифрлық тетіктердің бірі саналады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл ауданында 15 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта 10 млрд теңгеден астам қаржыға заманауи спорт кешені салынбақ

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта жасанды интеллект пен IT технологияларына арналған Konaev Fest өтті

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Алматы облысында 4,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz