Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Алматы облысында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аса қауіпті жануарлар ауруларының алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Өңірде 12 аса қауіпті жұқпалы ауруға қарсы эпизоотиялық іс-шараларды жүзеге асыруға 5 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бүгінде Алматы облысының ветеринария саласында 1386 маман еңбек етеді. Олар мал денсаулығын қорғаумен қатар, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға маңызды үлес қосып келеді.

Соңғы үш жылдың ішінде өңірде ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде 21 ветеринариялық пункт пен 19 мал қорымы пайдалануға берілді. Ал 2026–2027 жылдары тағы 94 ветеринариялық пункт пен 52 мал қорымын салуға жергілікті бюджеттен 4,1 миллиард теңге қарастырылған. Жоспар толық жүзеге асқан жағдайда облыстың ветеринариялық нысандарға деген қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі.

Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында ветеринариялық қызметке 100 қызметтік автокөлік сатып алынған. Сонымен қатар аса қауіпті 12 жұқпалы ауруға қарсы эпизоотиялық іс-шараларды жүргізуге 5 миллиард теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, өңірде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті күшейту мақсатында бюджет қаражаты есебінен 123 миллион теңгеге 70 сібір жарасы көміндісі ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестендірілді.

Ветеринария қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы сала мамандарының еңбегіне жоғары баға берді.

«Ветеринар маманы болу терең білім мен жоғары біліктілікті талап етеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы абыройлы кәсіпті адал атқарып, халыққа қауіпсіз өнімнің жетуіне қосып жүрген үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл ауданында 15 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта 10 млрд теңгеден астам қаржыға заманауи спорт кешені салынбақ

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта жасанды интеллект пен IT технологияларына арналған Konaev Fest өтті

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Алматы облысында 4,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz