Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Берік Асылов бас прокурор қызметіне тағайындалды

Берік Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2026
Жаңалықтар, Саясат

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Асылов Берік Ноғайұлы 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО Әуе қорғаныс күштерінің қатарында әскери борышын өтеген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.

Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.

  • 1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
  • 2001 — 2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.
  • 2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, содан кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.
  • Қазақстан Республикасы президентінің 2010 жылғы 28 шілдедегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
  • 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры болды.
  • 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.
  • 2019-2022 жылдары Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.
  • Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды.

Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

Тегтер: Қазақстантағайындау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

Қонаевта рекорд: жазда қалаға 2 миллионға жуық турист келді

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

Алматы облысында мобильді дәрігерлер аудан тұрғындарын қабылдайды

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

Алматы облысы халық саны бойынша елімізде алдыңғы қатарда

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

10 қыркүйектен бастап электр энергиясының тарифтері қайта қаралады

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz