Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Конституциялық Сот: 1995 жылғы Конституция бойынша қызмет атқарғандар қайта сайлана алады

2026 жылғы 7 шілдедегі №89-НҚ Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының нормативтік қаулысы жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.07.2026
Жаңалықтар, Саясат

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциялық соты Мемлекет басшысының 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабының 1-тармағына, 72-бабының 2 және 3-тармақтарына, 83-бабының 1-тармағына және 84-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін қарады.

Өтініште мынадай мәселе көтерілген:

«лауазымын 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарып келе жатқан адамдар 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағында, 72-бабы 2 және 3-тармақтарында, 83-бабы 1-тармағында, 84-бабы 3-тармағында көрсетілген қызметке сайлана ала ма не лауазымға тағайындала ала ма?»

Конституциялық Сот аталған конституциялық нормалардың мазмұнынан оларда белгіленген шектеулер адамның тиісті қызметке алдыңғы сайлану не лауазымға алдыңғы тағайындалу фактісімен қолданыстағы Конституцияда және соған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпте ғана байланысты болатыны шығады деп атап өтті.

Конституцияның 43-бабының 1-тармағында, 72-бабының 2 және 3-тармақтарында, 83-бабының 1-тармағында және 84-бабының 3-тармағында белгіленген шектеулер қолданылған жағдайда 1995 жылғы Негізгі Заң қолданыста болған кезеңде тиісті лауазымдарда болу мерзімдерін, сондай-ақ қызметке сайлау не лауазымға тағайындау фактілерін есепке алуды көздейтін ережелерді Конституция қамтымайды.

Демек, адамның аталған лауазымдардың бірін 1995 жылғы Конституция қолданыста болған кезеңде атқару фактісі Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгеннен кейін оны тиісті қызметке сайлауға не лауазымға тағайындауға Негізгі Заңда көзделген конституциялық-құқықтық кедергі болып табылмайды.

Президенттің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот ресми түсіндіру берді:

2026 жылғы Конституцияның 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын осы конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін деп түсіну керек. Аталған конституциялық нормаларда белгіленген шектеулерді қолдану мақсаты тұрғысынан мұндай адамдардың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы алғаш рет сайлану не тағайындалу деп есептеледі.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Конституциялық Сот: 1995 жылғы Конституция бойынша қызмет атқарғандар қайта сайлана алады

Қорлан Нұрланқызы
07.07.2026

Еңбекшіқазақ ауданындағы апатты көпірді су шайды: әкімдік түсініктеме берді

Қорлан Нұрланқызы
07.07.2026

Жеке мүлік – заңмен қорғалатын құқық

Диана Ахметова
07.07.2026

Наркоқылмысқа – жол жоқ!

Диана Ахметова
07.07.2026

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
07.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz