Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев: Жаңа Конституция Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде жалпыұлттық референдумның тарихи маңызына тоқталып, Жаңа Конституцияның ел дамуы үшін ерекше рөл атқаратынын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.06.2026
Жаңалықтар, Саясат

Мемлекет басшысы наурыз айында өткен жалпыұлттық референдумға Қазақстан азаматтары белсенді қатысып, конституциялық реформаларды қолдағанын атап өтті.

«Бәріңізге белгілі, наурыз айында біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатыстық. Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді. Осылайша, біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңартылған Ата заңда халықтың ғасырлар бойғы арман-мақсаты мен мемлекеттің негізгі құндылықтары көрініс тапқан.

Президент Конституцияда еліміздің аумақтық тұтастығы, мемлекеттік егемендігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басты құндылықтар ретінде айқындалғанын айтты.

Сонымен қатар заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу, тазалық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғау және волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндеттер қатарына енгізілген.

«Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды. Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін және тәуелсіз Қазақстанға деген адалдығын білдіреді.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz